ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ
04.11.2016
1931
0

65312-0Ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы жиырма бес елде Қазақстан әдебиетінің орталығын ашу жұмысын қолға алған. Бүгінге дейін мұндай орталық Кореяда ашылған еді. Малайзия, Ұлыбритания және алыс-жақын шетелдермен қосымша келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді міне, Бішкекте өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер зиялыларының XI Форумы аясында Қырғызстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

Орталықтың  ашылу  салта­на­ты­на Қырғызстан Республикасы Мә­де­ниет, ақпарат және туризм вице-ми­нистрі Фархад Бек­ман­бетов, Қыр­ғызстан Республикасы Ұлттық кі­тапханасының  директоры Жылдыз Бакашова, Қазақстан Рес­публи­касы Мәдениет және спорт ми­­нистр­лігінің баспасөз хат­шысы Майра Сағымбаева, Қазақ­стан Рес­публикасы Ұлттық акаде­мия­лық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық музейінің  ди­ректоры Дархан Мың­­бай, Қа­зақ­­с­тан Республи­ка­сының еңбек сiңiрген қайраткерi, профессор Жанғали Жүзбай, «Қазақконцерт» мемлекеттік кон­церттік ұйымының ди­ректоры Сал­танат  Сейдімбек, Қа­зақ  Ұлт­тық  Өнер  университетінің ка­федра меңгерушісі, опера әншісі Аза­мат Жылтыркөзов, «Есік» та­рихи-мәдени қорық музейінің ди­ректоры Гүлмира Мұхтарова, қыр­ғыз­стан­дық шығармашылық пен ғылыми интеллигенция өкіл­дері және журналистер қатысты.

Қазақ әдебиеті мен мәде­ние­ті ор­талығын Қазақстан Респуб­ли­касының Мәдениет және спорт ми­нистрлігі, Қазақстан Республи­ка­­сының Қырғызстан Респуб­ли­к­а­сындағы Елшілігінің қолдау көр­се­туімен Қазақстан Республикасы Ұлт­тық академиялық кітапханасы (ҚР ҰАК) ашты. Жаңа орталықта Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаевтың кі­таптары, сондай-ақ, қазақстан­дық қаламгерлер Ілияс Есенбер­линнің, Әбіш Кекілбаевтың, Сұл­тан Ора­за­линнің, Махмұд Қасым­­­бе­ковтың жә­не Бақыт Қайыр­­бековтың кітап­тары қойыл­ған. 31 томнан тұратын қазақша-орысша және орысша-қа­зақша терминологиялық сөздіктер ерекше қызығушылық оятады. Осы терминологиялық сөздіктерде ғы­лым мен техниканың, мәдениет пен өндірістің барлық салалары қам­тылған.

Вице-министр Фархад Бек­ман­бе­тов арнайы құттықтау сөзінде осы секілді іс-шаралардың өткі­зілуі Қазақстан мен Қырғыз­стан­дық  бауырлас халықтар арасын­дағы ын­тымақтастық пен дос­­тық­­тың сим­волы саналатынын және мә­де­ни процестердегі интеграцияны сипаттайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Қырғызстан Рес­публикасы Мә­дениет, ақпарат және туризм ми­нистрлігі атынан кітапханаға, оқыр­мандарға тарту еткен сый­лы­ғы үшін ҚР Ұлттық академиялық кі­тапханасының ұжымына алғыс білдірді, сондай-ақ, Қазақ әдебиеті мен мәде­ниеті орталығының ашылуы оқыр­ман­дарға қазақ халқының сөз зергер­леріне тән философиялық негіз бен серпін беріп, қазақ хал­қы­ның рухани байлығын ашып көр­сетті.

Бірегей ақпараттық-мәдени кеңіс­тікті қалыптастырудағы кітап пен кітапхананың ролін атап өткен вице-министрдің пікірінше, кітап – өте нәзік әрі бір мезгілде адам­дар­ды басқара отырып, үлкен би­лік­ке қол жеткізетін қуатты құрал. Бай­­ланыстырудың бастамасы ре­тін­дегі кітап қана түрлі мәде­ниет­тер арасындағы міндетті тиімді ат­­қарады.

«Анығында да, кітап – халық­тар­­ды жақындастырудың ең жа­қын­ жолы. Орталықтың ашылуы – бұл қырғызстандық оқырман­дар­ға Қазақстанның сан алуан са­ла­дағы жетістіктерін көркем әде­биеттер арқылы жеткізудің тамаша тәсілі», – деді Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітап­ха­насының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұналбаева.

Орталықтың  ашылуы бары­сын­­да Қазақстан Республикасы Ұлт­тық академиялық кітапханасы мен Қырғызстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылары өзара ынтымақтастық пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. «Осы меморандумға сәйкес біз де Қа­зақстан Респуб­лика­сының Ұлт­тық академиялық кітапханасынан Қырғыз әдебиеті мен мәдениеті ор­­талығын ашуды жоспарлап отыр­мыз. Орталықтың ашылуы бауыр­лас елдердің рухани жа­қын­дай түсуіне септесіп, елі­міз­дің мә­дениетін әдебиетіміз бен шы­ғар­машыларымыз арқылы көп­шілікке танытуға мүмкіндік бере­ді», – деп алдағы жоспарымен бөлісті Қыр­ғыз­стан Республикасы Ұлттық  кі­тап­ханасының  директоры Жылдыз Бакашова.

Дамира МАХАНОВА.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір