БІЛІМ, ТӘЛІМ, ТАЛАБЫ – ӨНЕР
28.10.2016
1678
0

sup7Перзентін оқыту, мықты маман иесі атандыру әрбір қазақ ата-анасының бас­ты парызы. «Қазақ әдебиеті» газетіне сұхбат берген белгілі ғалым Рахман Алшанов өз пікірінде: «Ата-аналар балаларының оқуына ақша аямайды» деп айтқан болатын. Өткен дәуірдің кескін-келбетін суреттеген кез келген көркем шығарманы парақтасаңыз – үлкен қалаға оқуға аттанған балаға жалғыз ата-ана ғана емес, күллі ауыл тілектес болатын еді ғой. Бүгінде сол тілектестік мемлекет деңгейінде де сақталып отырғанының куәсіміз. Олай дейтініміз, баланың білім алуы үшін мемлекеттік тегін оқыту жүйесінен бөлек, ақылы оқу орындарына арналған бірқатар оңтайлы мемлекеттік бағдарламалардың шығып жатқаны дер едік.

Оларға Мемлекеттік білім беру жи­нақтау жүйесін жатқызуға әб­ден болады.

Бүгінгінің күнінде де баланы оқы­ту, оған лайықты білім беру, оны мықты маман қатарына қосу – кез келген ата-ана парызы. Се­бе­бі, лайықты білім алу – әрбір жас­тың кейінгі болашағына ең қа­жетті бағдаршам. Зымырандық жыл­дамдықпен дамып отырған за­манауи қоғамның басты талабы – білім мен білік. Алайда, осы тұс­та бір гәп бар. Оқу орындары бұ­рын­ғыдай жаппай тегін емес. Әри­не, мектептегі білімі мен бағы шап­қан кез келген талапкер мем­ле­кеттік қаржы есебінен тегін бі­лім алып, арнайы шәкіртақымен оқуына мүмкіндігі бар. Сонда да, ба­ғы кем болып, не белгілі бір се­бептермен жоғары нәтиже көрсете ал­маған, алайда нақты бір ма­ман­дықты игеріп шықсам-ау деген ас­қақ арманы бар баланың да ЖОО-ларда, колледждерде оқы­ғысы, білім алғысы келмей ме? ҚР Білім және ғылым министрлігіне қа­райтын Қаржы орталығы осы орай­да Мемлекеттік білім беру жи­нақтау жүйесі ар­қылы әрбір жастың оқимын де­ген арманының орындалуына сеп­тігін тигізе алады.

«Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа ма­шықтар алуға, білім мен тех­но­ло­гияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қам­тамасыз етуіміз керек», – дейді Ел­басы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» туралы заң­ға қол қойған 2013 жылдан бас­тап Қазақстанда Мемлекеттік бі­лім жинақтау жүйесі қызмет ете бас­тағанын біреу білсе, енді біреу біле бермес.

Мемлекеттік білім беру жинақ­тау жүйесі дегеніміз не? Бұл деге­ніңіз – Қазақстанның әрбір азаматы өзінің не баласының атына ұзақ­мерзімді салым жасай алады деген сөз.Бұл салымның, яғни бі­лім депозитінің бұлжымас мақ­са­ты біреу: жинақталған қаржы тек қана білім алуға жұмсалуы тиіс, ол білімді болашақ студент мейлі Қазақстанда ала ма, жоқ әлде шетелдерде оқи ма – бәрібір. Салымшы өзінің не баласының атына қа­тысушы-банктен білім салымын ашады да, ақша жинау мер­зімін, қанша ақша жинау керегін жә­не салымның уақытын өзі бел­гілейді.Салымды екінші дең­гей­дегі банктерден, мәселен: Халық Банк, Нұрбанк, ЦеснаБанк­тен а­шу­ға болады. Салымды ашу үші­на­та-ананың жеке куәлігі немесе төл­құжаты және баланың туу туралы куәлігі керек. Алғашқы салым 7-15 мың теңге көлемінде бол­мақ.

Білім депозитінің өзге депозит­терден айырмашылығы сол – банк­тен бөлінетін 14 пайыз үстем­а­қы­дан бөлек, мемлекет тара­пы­нан 5-7 пайызға дейін мемлекеттік сыйа­қы да қосылады. Осылайша, де­позиттің үстемақысы жалпы ал­ғанда 19 пайыздан 21 пайызға дейін өсіп отырады. Мем­лекеттік сыйақы жыл сайын жи­на­ған ақ­шаның 5 пайызы мөлше­рінде бө­лінеді.Мемлекет тарапы­нан 7 пайыз­дық көтеріңкі сый­ақы жетім ба­лаларға, мүгедек­терге, төрт жә­не одан да көп балалары бар көп ба­лалы отбасының балаларына, жағ­дайы нашар отбасыдан шық­қан балаларға бері­леді. Егер салымшы жинаған қар­жы­сын басқа мақ­сатта пайда­ланғысы келсе, мем­лекет тарапынан бөлінген сыйақы берілмейді.

Бүгінгі таңда 15,5 мыңнан аса бі­лім салымы бар.

Ел Президенті  Н.Ә.Назар­баев­тың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты жолдауындағы: «Ерінбей еңбек ет­кен, талмай ғылым ізде­ген, жа­лық­пай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», – деген сөзінің бір дә­лелі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы ор­талы­ғының бұл жоба­сы­ның басты мақ­саты да сол – жастардың қан­дай жағдайда да білімді, білікті аза­мат болып жетілуіне септігін ти­гізу. Бүгінгі таңда білім алу үшін мемлекет тарапынан беріліп отыр­ған жеңілдіктердің бірі ре­тінде Мемлекеттік білім беру жи­нақ­тау жүйесі аясында ЖОО-да сту­дент атанып, әрі қарай кәсіби ма­ман атанар жастың болашағы – әрбір ата-ананың бала болаша­ғы­на арналған осындай бағдарла­ма­ның жұмысын жақсы білуінде де болып отыр…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір