КІТАП ЖӘНЕ ОҚЫРМАН
28.10.2016
2005
0

img_633220-21 қазан күндері шаһарымызда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының 65 жыл­дығына орай «ХХІ ғасыр кітапханалары: кітаппен болашаққа» атты халықаралық кітапхана конференциясы өтті.

Аталмыш шараның алғашқы күні Ре­сей және Қырғызстан елдерінен кел­ген кітапханашылардың қатысуы­мен «Rixos Almaty» қонақ үйінде кон­ференцияның салтанатты ашылуы бол­ды. Конференцияның мақсаты – «Қа­зіргі заманғы кітапханалар қыз­ме­тінің басты мәселелеріне назар аударту, сондай-ақ, инновациялық даму жол­да­рын бірлесе іздеу және мәдениет, білім ошақтарымен серіктестік аясын кеңейту» дейді ұйымдастырушылар. Бұл шараға ұйытқы болып отырған Ал­маты қаласы әкімдігінің Мәдениет бас­қармасы және «Алматы қалалық Ор­талықтандырылған кітапхана жүйе­сі». Кәсіби кездесу «Алматы – т­арих толқынында» атты кітап көр­ме­сінің тұсаукесерімен басталып, ақын, Қазақ радиосының белгілі журналисі Бақыт Жағыпарұлының керемет арнауымен жалғасты. Конференцияда елі­міздің әр облысынан және шетелден келген кітапханашылар өз баянда­маларымен таныстырды. Атап айтар бол­сақ, Ленинград облыстық балалар кітапханасынан Л.В.Степанова, Біш­кек қаласындағы К.Баялинов атын­да­ғы Республикалық балалар және жа­с­өс­пірімдер кітапханасынан Н.Са­ры­­баева, балалар жазушысы С.Бегалиннің немересі Г.Х.Бегалина өзекті тақырыптар жайында сөз қоз­ғады. Екінші күні қаладағы төрт кі­тап­ха­нада «Кітапханашының ас үйі», «VIP – Лекторий», «Шабыт ұстаха­на­сы», «Форсайт – Сессия» сынды тақы­­рып­тық алаңдарда арнайы жұмыс­тар жүр­гізілді. Конференцияға Бішкек қала­сы­нан келген кітапханашы Н.Са­ры­баева өз ойымен былай бөлісті:

– Бүгінгі өткізіліп жатқан шараның маңызы зор және өте ауқымды. Мұн­дағы көтерілген өзекті мәселелер бұл бізде де бар жағдай болып отыр. Кітап­тың жастар арасында оқылмауы, қо­ғам­дағы орнының төмендеуі, меніңше, әлем­дік мәселеге айналуда. Осының ше­шімін табу мақсатында мынандай жо­ғары деңгейдегі конференция ұйым­дастырып, кітапханашылардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой алысуына жағдай туғызғандарыңыз үшін алғысымды айтамын.

Халықаралық конференция соңы дәс­түрлі «Кітапханадағы түн – 2016» шарасымен аяқталды. Қай кезеңде, қай заманда болсын, кітаптың қоғам­дағы ролі төмендеген емес. Қазіргі жаңа­шылдыққа қадам басқан уақытта да төмендетпеуіміз өзіміздің қолы­мыз­да. Осындай шаралар жалғасын та­ба берсін дейміз.

Маржан ӘБІШ.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір