ЖАҢАРҒАН «ТҮРКІСТАН ТАРИХЫ»
21.10.2016
1602
0

14753785_219176358501591_361616822217866209_oЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «25 жылдыққа – 25 шара» жоспарын бекіткен болатын. Жыл басынан Жұма мешіті музейі, Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі Асхана, Құдықхана бөлмелері музейге сай абаттанды.

Музейдің ашылу салтанатына конференция жұмысына қа­тысушылар, қала әкімінің кеңес­шісі Ж.Ибрагимов, қа­ла­лық му­зей өкілдері мен бас­­­шылары, музей қыз­меткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Халықаралық ЮНЕСКО ұйымы тарапынан 2016 жыл – «Иассауи жылы» деп белгіленуі мен Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы мерейтойы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Қожа Ахмет Иассауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

«Әзірет Сұлтан» қорық музейінің директоры Ж.М.Әубәкір кон­ференцияны ашып, қатысушыларға сәт-сапар тілей келе Мә­дениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың құт­тықтау сөздерін жеткізді.

Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универ­сите­тінің бірінші проректоры М.Куталмыш мырза конференция қатысушыларына алғысын арнап, Иассауи мұрасының адам­зат игілігіне айналуына ғалымдардың сүбелі үлес қоса­ты­нына сенім білдірді.

Конференция аясында көптеген іс-шаралар атқарылды. Со­лардың бірі – Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің Ақсарай бөлме­сін­дегі «Ақиқат жолын үлгі еткен даналар мұрасы» тақыры­бын­дағы кітап көрмесі.

Көрмеде мұражай қорындағы сақталған көптеген құнды кө­не баспа және қолжазба кітаптар қойылды. Сонымен қатар, жаз­ба жұмыстарында пайдаланылған этнографиялық бұйым­дар – шырағдан, сиясауыт  секілді  байырғы ата-бабаларымыз­дың тұтынған заттары көрерменге ұсынылды.

Мұражай қорында Иассауидің танымал шәкірттерінің көп­теген шығармалары сақталған. Тақырыпты ашу мақсатында Қа­сиетті Құран кітаптары, Мұхаммедке (с.ғ.с) қатысты жазбалар, Ханафи мәзхабының негізін салушы, «Фикһул Акбар» ең­бегінің авторы Әбу Ханифа секілді ғұламалардың шығар­ма­лары қойылды.

Аталмыш жиынға Англия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Тә­жік­стан, т.б. шетелдерден және отандық иассауитанушы ға­лым­­дар қатысты. Атап айтсақ, пленарлық мәжілісте Қожа Ах­мет Иассауи мұра­сы және ілімін зерттеумен айналысып жүрген белгілі отан­дық және шетелдік зерттеушілер баяндама жасады. Конференция соңында Қожа Ахмет Иассауи мұра­ла­рының зерттелуіне сүбелі үлес қосып жүрген ғалым, зерт­теу­ші­лерге сертификаттар тапсырылды. Қомақты екі томдық конференция жинақтары барша қонақтарға үлестірілді. Қонақжай Түркістанның мере­ке­лік дастарханы барысында да қонақтар тарапынан  ыстық  ықы­ласқа  толы  тілектер айтылды.

Сонымен қатар, осы шара аясында «Әзірет Сұлтан» мем­ле­кет­тік тарихи-мәдени қорық-мұражайы жанынан «ИАССАУИ МҰРА­СЫ» атты республикалық мәдени-танымдық жаңа газет өз оқырмандарына жол тартты. Алғашқы таралымы 2000 дана­мен жарық көрген газет «ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференциясында көпшілік қауымның на­зарына ұсынылды.

300 мыңдай тұрғыны бар Түркістан аумағындағы 180-ге жуық мәдени-архитектуралық, зайырлы-діни орындар, 24 мың жәдігер бұл күнде қорық мұражай есебінде. Өлкенің өткенінен құлағдар етіп, халқымыздың салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, та­мыры терең тарихынан сыр суыртпақтайтын мұндай газет қа­лың оқырманның сұранысын қанағаттандырары сөзсіз.

А2 форматындағы газет айына бір рет жарық көріп тұр­мақ.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің
баспасөз қызметі.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір