БЕЛГІЛІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ ЗЫЛИХА ТАМШЫБАЕВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКІЗІЛЕТІН «ЖЕТІСУДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ ҚЫЗЫ – ЗЫЛИХА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МҮШӘЙРАНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Алматы облысының әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы З.Тамшыбаеваның мерейтойына орай мүшәйра ұйымдастырады. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізіліп отыр.
Мүшәйраның мақсаты:
- Жер жаннаты Жетісудың ардақты қызы Зылиха Тамшыбаеваның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа ұғындыру және үлгі ету;
- Кейінгі буынға ел үшін еңбек еткен Зылихадай аналардың қадір-қасиетін жан-жақты ашып көрсету, оның қоғамдағы, отбасындағы, өзі 43 жыл басқарған «Еңбекші» ұжымындағы жарқын істерін поэзияның өрнекті тілімен насихаттау, сол арқылы жастарды еңбекке құлшындыру, олардың санасында қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру;
- Ел арасындағы таланттарды іздеу, олардың шығармашылық ізденісіне дәнекер болу.
Мүшәйра тақырыбы:
- Зылиха Тамшыбаеваға арнау (1 өлең – 10-12 шумаққа дейін, поэма – 50 шумаққа дейін).
Мүшәйраны ұйымдастыру:
Мүшәйра ашық түрде өткізіледі. Өлең-жырлар 1 қазан – 5 қараша аралығында қабылданады, ақындардың жасына шек қойылмайды.
Мүшәйраның шарттары:
Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі.
Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана республикалық ақындар мүшәйрасына ұсынылады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі той өтетін күні жүргізіледі, жүлдегер ақындарға алдын ала хабарланады.
Марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болған өлең авторлары өз шығармаларын мәнерлеп оқуға және жатқа оқуларына мүмкіндік болады.
Үздік шығып шақырылған авторлар кітапқа енгізу үшін өлеңдерінің бір данасын және жеке суретін электронды түрде СD дискіге немесе флешкаға жазып тапсырады.
Автор өзі туралы толық мәліметті (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, мекен-жайы, байланыс телефоны) қағазға басылған өлеңінің соңында көрсетуі керек.
Қатысушылар өлеңдерін мына мекен-жайға немесе электронды адреске жіберуі керек:
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Ғ.Орманов көшесі, 61 үй.
Байланыс телефондары: 8-7282-24-41-61; 32-45-28, факс: 24-34-07
Электронды пошта: АОСNТ123@mail.ru
Жеңімпаздарды марапаттау:
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
1 орын – 1 адам;
2 орын – 2 адам;
3 орын – 3 адам;
Ынталандыру жүлдесі – 3 адам.
Мүшәйраның қорытындысы бойынша «Жетісудың жұлдызды қызы – Зылиха» атты кітап жарық көреді.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.