НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ БОЙЫНША ЛАУРЕАТЫ
14.10.2016
1756
0

US legend Bob Dylan performs on stage during the 21st edition of the Vieilles Charrues music festival on July 22, 2012 in Carhaix-Plouguer, western France. AFP PHOTO / FRED TANNEAU (Photo credit should read FRED TANNEAU/AFP/GettyImages)

Швед академиясы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының 2016 жылғы игері деп АҚШ ақыны, жазушы, музыкант Боб Диланды атады. Боб Дилан – көпшілікке рок әндердің авторы ретінде жақсы таныс. Алайда оны мықты ақын және прозаик деп есептейтіндер де жетерлік. Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша жаңа лауреатын жариялаған Швед академиясы Диланға бұл марапат «Америка ән дәстүрі аясында жаңа поэтикалық тіл жасағаны үшін» лайық деп есептегендерін айтты. Әрине, сыйлықтың Боб Диланға берілуіне қатысты қаламгерлер, жазушылар мен әдебиет және музыка саласы сыншыларының пікірі сан алуан.


Боб ДИЛАН

Жүрер екем қанша жол тағдыр кешіп әрқилы,

Бір тоқтамға келгенше,

Қанатымның астында қанша теңіз толқиды,

Қара жерді көргенше,

Қанша жарылыстың оты бізді шарпиды,

Соңғы сарбаз өлгенше?!

Жарығым-ау, бір сөзді қайдан ғана табамын –

Жел әкеткен жауабын.

Қанша ғасыр тұрады мына таулар – тірі аңыз,

Толқын шайса – құла түз,

Қанша ғасыр жылаймыз?

Еркіндікті сұраңыз!

Сұрар болсаң, солардың аяғына құлаңыз!

О, адамдар, қашанғы көзімізді жұмамыз –

Көрінбестей кінәміз?!

әлі қанша шұңқырға мойын созып қараймыз,

Ал аспанды көрер кім?

Есту үшін – бір басқа қанша құлақ жамаймыз,

Зарлы дауысын әлемнің?

Жер бетінен біз әлі қанша өлікті санаймыз,

Келгенінше келер күн?!

Аударған Ерлан ЖҮНІС.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір