МАХАББАТ ПЕРІШТЕСІ
30.09.2016
1583
0

mpСөзі: Қасым Аманжоловтікі.

Әні: Есжан Әміровтікі.

 

Қайдасың, махаббаттың періштесі,

Жаныма жақынырақ ұшып келші.

Қолға алып жүрегімді жалбарынам,

Жұбатшы жан қайғысын, есіркеші. 2 рет.

 

Періштем – сүйген сәулем, қалқажаным,

Тәтті үміт, сүйінішім, бар арманым.

Тыңдашы, құлағыңа жетер ме екен,

Сағынып сені, сәулем, салған әнім.   2 рет.

 

Әлде сен тәтті ұйқының құшағында,

Маужырап, еш алаңсыз жатырсың ба?

Түс болып барайын да сырласайын,

Соғуын жүрегімнің тыңда-тыңда.

Немесе мен ұйықтайын, түсіме кір,

Құмардан құшып-сүйіп қанайын бір.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір