НҰРЛАН ОРАЗАЛИНГЕ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН ТАПСЫРДЫ
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғарғы палатасының бұрынғы депутаты Нұрлан Оразалинге Құрмет грамотасын табыс етті.
Республика Президентінің Жарлығымен Сенатор Нұрлан Оразалиннің өкілеттілігі тоқтатылғаннан кейін Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Мырқасымұлының Парламенттің Жоғарғы Палатасында атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, оның кәсіби біліктілігі мен принципшілдігін тіліне тиек етті. Әрі Н.Оразалиннің Мемлекет басшысының стратегиясы мен реформаларын заңнамалық тұрғыда қалтқысыз орындауға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Палата басшысы Қ.Тоқаев Н.Оразалинге Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы лауазымында табысты қызмет етуіне тілектестігін білдірді.
Кездесуге қатысқан Сенат бюросының мүшелері де әріптесіне, бесінші және алтыншы шақырылымдағы Парламенттің депутатына ризашылықтарын білдірді.
Сенаттың бұрынғы депутаты Нұрлан Оразалинге көрсетілген бұл құрмет жалпы жазушы қауымға жасалып отырған ілтипаты деп білеміз.