ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ ТОТЫСЫ
23.09.2016
1199
0

14409032_1807159806222955_424876627_nАлматы қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №29 кітапхана-бө­лімінің оқу залында «Қазақтың үш тотысы» атты әдеби-сазды кез­десу кеші өтті. Кеш қонақтары – жазу­шы, «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның лауреаты Шәрбану Бейсенова, жазушы Сара Латиева, Маркиза Базарбаева және «Мектеп ме­рейі» журналының редакторы Заря Жұманова. 

Шараға №40 мектептің 10-11 сы­нып оқушылары, ұстаздары, кі­тап­ха­на­ның оқырмандары қа­тысты. Оқушылар ақын-жазу­шылар­дың шығар­ма­ларына талдау жасап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жазушылардың өмір­­ жол­дары, өзара достығы, шығар­ма­ларындағы кейіпкерлері, алдағы жазатын шығармалары туралы сұрақтар қойылып, оқырмандар кешті қыздыра түсті. Жазушылар да өздерінің жазушылыққа қалай келгендерін айтып, болашақ тағы жазатын шығармалары жайын­дағы жоспарларымен бө­лісті.

Осы кешке орай кітапханада  «Курстас, қанаттас қаламгерлер!» та­қы­ры­бында кітап көрмесі ұйым­­­­­­­дастырылып, ақын-жазу­шы­лардың кітап­та­ры, аудармалары, журнал беттерінде жарық көрген мақалалары қойыл­ды. «Қа­­зақтың қыздарына қайран қа­лам» атты слайд жасалып, эк­ран ар­қылы оқырманға көрсетілді. Бірнеше конкурстың жүл­де­гері Олжас Ар­манұлы «Махамбеттің жебесі», Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күй­лерін күм­бірлете тартып, келген қонақтарға тарту етті. Кеш соңында жазушылар оқыр­ман­дарға қолтаңба таратты.

Қуаныш ИСАБЕКОВА,
кітапхана меңгерушісі.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір