МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ G20 САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ
Жуырда Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында «Жиырма ел» (G20) саммитінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Әлемдік экономиканың жартысын құрайтын мемлекеттердің басшылары бас қосқан жиынға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында: «Мұнда жаһандық экономика мен саясаттың салмақты мәселелері талқыланып, ірі өңірлік және әлемдік мәселелер, соның ішінде, қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзірленді. Бірінші сессияда сөз сөйлеген кезде мен осы барлық мәселелер жөніндегі Қазақстанның көзқарасын ұсындым. Саммиттегі пікірсайыс барысында ғаламның тынысын сезініп, әлемнің дамыған және дамушы елдерін алаңдатқан проблемаларын ұғынасың. Қазақстанға да осында көтерілген мәселелерді ескеріп, онымен алдын ала айналысуы керек», – деді.
Аталмыш Саммит аясында Елбасы АҚШ Президенті Барак Обамамен, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен, Еуропалық комиссия
төрағасы Жан-Клод Юнкермен, «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы Джеком Мамен, Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдомен, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен, Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен, Франция Президенті Ф.Олландпен, Германияның федералды канцлері А.Меркельмен, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Д.Зумомен, Мысыр Президенті А.Сисимен, Сенегал Президенті М.Салмен, сондай-ақ, Аргентина Президенті М.Макримен, Испания Премьер-Министрі М.Рахой, Италия Премьер-Министрі М.Ренцин, Үндістан Премьер-Министрі Н.Модилармен түрлі мәселелерге қатысты пікір
алмасты.