КӨҢІЛ АЙТУ
09.09.2016
1592
0

Ақын Иран-Ғайыпқа аяулы қызы Индираның қайтыс болуына байланысты

 

«Азаматтың басына жеті рет қара үй тігіліп, жеті рет ақ үй тігіледі».
(Халық даналығы).

 

Шайқалдың-ау,

Шатқаяқсыз

Нар-аға!

Қандай емді

Тапсам екен жараңа?

Майыстырып,

Қайыстырып

Бұ тағдыр,

Қабырғаңды

Қақыратып

Бара ма?

 

Жол іздесін

Мейлі адамдар

Зарығып,

Емге көнбес

Ажал менен

Кәрілік.

Қарағайға

Қарсы біткен бұтағын,

Үзілмесін

Үкілеген бар үміт.

Қобыз үні

Қоңыр үнмен

Сөйлей ме?

Қорқыт болып

Бастың-ау сен

Гөй-гөйге.

Алла саған:

«Ақ үй тігіп берейін,

Гөй-гөйіңді,

Гөй-гөйіңді

Қой!» дей ме?

 

Ақ,

Қараға

Қақ бөлетін

Фәниді,

Алла деген

Мейірімді

Әрі игі

Жаратқаннан

Жалбарына сұрайын:

– Тіге көр, – деп, –

Бақ дарыған

Ақ үйді!..

Көпен Әмір-Бек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір