«АШЫҚ ХАТТЫ» ҚОЛДАЙМЫЗ!
02.09.2016
1872
0

«Қазақ әдебиеті» газетінің өткен нөмірінде (2016 жыл, 26 тамыз, №32) 443 қаламгер қол қойып, «Қазақстан Жазушылар одағының Құрылтайын ұйым Жарғысына сай өз мерзімінде, яғни келер 2017 жылдың күзінде өткізу қажет» деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына арнайы «Ашық хат» жолдаған болатын. Аталған «Ашық хатта»: «Одақ – қоғамдық ұйым ретінде өзінің қызметін қалтқысыз атқарып келеді. Барлық кезеңдерде ұйым басшысы арнайы Құрылтайда баламалы негізде, ашық сайлау жүйесімен өткізіп келді. Қаламгерлер өзі қалаған басшысын басым дауыспен сайлады.

Арызға қол қойған 15 қаламгердің пікірі ұйымға мүше 750-дің пікірі емес. Сондықтан Тәуелсіздігіміздің мерейлі 25 жылдығында қалың қаламгер қауымды дүрліктіріп, кезектен тыс Құрылтай өткізуге еш негіз жоқ. Шығармашылық ұйымның мерзімді Құрылтайы өз мезгілімен, келер
2017 жылдың күзінде, тамыз-қыркүйек айларында өткені дұрыс деп білеміз» делінген болатын.

Сол хатты басылымнан оқыған әріптестеріміздің кейбірі өздері хабарласып, бірқатары арнайы Одаққа келіп: «Біз де бұл Ашық хатты қолдаймыз, кезектен тыс жиын шақыратындай не басымызға күн туды? Төраға орнында. Ұйым өз жұмысын жүргізіп жатыр. Тіпті, кешегі соғыс жылдарында да мұндай алашапқын болған емес, Құдай оның бетін ары қылсын. Бүйректен сирақ шығарып, от ала келудің, әріптестердің арасын алатайдай бүлдірудің түкке де қажеті жоқ!», – деп өздерінің азаматтық көзқарастарын ашық білдірді.

Сонымен, өткен нөмірде жарық көрген қаламгерлердің «Ашық хаты» реттік нөмірімен ары қарай жалғасады.

 

  1. Сапабекұлы Әсіп
  2. Табылдиев Әдібай
  3. Қаназ Молдахмет
  4. Сарай Әнес
  5. Жағанова Алтыншаш
  6. Сәрсенбай Қали
  7. Мырзахметов Мекемтас
  8. Бисенғали Зинол-Ғабден
  9. Бөкенов Абзал
  10. Қадырбаева Айсұлу
  11. Сомжүрек Жұмаш
  12. Назарбеков Сайын
  13. Айтбайұлы Талғат
  14. Ыдырысов Әбілфайыз
  15. Әбіл Қонысбай
  16. Байсеркенов Маман
  17. Айымбетов Мәди
  18. Ибрагимов Төкен
  19. Әбдікәрімов Шәкизада
  20. Әскербекқызы Жанат
  21. Әлімжан Баянғали
  22. Тілеуханов Төлек
  23. Қапашев Ләтифолла
  24. Ерназаров Нұртай
  25. Мирзоев Князь
  26. Досжанова Сәуле
  27. Ахметчин Ғұмар
  28. Жанаев Тәжібай
  29. Ерімбетов Мылтықбай
  30. Боранбаев Жарылқасын
  31. Әли Ысқабай
  32. Тарақ Әнуар
  33. Аманов Қолан
  34. Ахетов Амантай
  35. Наурызбаев Жұмағали
  36. Әлімқұлов Қадыр
  37. Бейсенбеков Айтмұханбет
  38. Бүркітбаева Раушан
  39. Нұрбекова Қарлығаш (Алена)
  40. Меңдібаев Сәлім
  41. Оразаев Файзолла
  42. Бекмұратұлы Сәрсенбек
  43. Жұманова Заря
  44. Батыр Дәлелбек
  45. Бейсембеков Тілеуғазы
  46. Елеусізов Тұрсын
  47. Панзабеков Көпбосын
  48. Солтиева Жұмагүл
  49. Алтынбеков Сәрсен-Бек (Сахабат)
  50. Боранбаев Алпысбай
  51. Жеңіс Баһадүр
  52. Бимахамбетұлы Елтай
  53. Бекей Мұрат
  54. Жантасова Зылиқа
  55. Исақ Сарманбай
  56. Исаев Қожагелді
  57. Қалаубай Бағдат
  58. Қалиұлы Ахметолла
  59. Қосалыұлы Сатыбалды
  60. Заманбеков Жангелді
  61. Қыстаубайұлы Захардин
  62. Әлпейісова Камал
  63. Муминжонов Зокиржон
  64. Мыңжан Қазыбек
  65. Розметов Ерназар
  66. Рысбеков Бердалы
  67. Садықов Сәли
  68. Сералиева Зәуре
  69. Сүлейменұлы Уәлихан
  70. Тасқұлов Иса
  71. Тоқтасынұлы Есқара
  72. Тұрлыбек Сабырбек
  73. Шойбеков Үсен
  74. Лушникова Надежда
  75. Ыбырақов Смайыл
  76. Мұсанов Дубек
  77. Рақымжанов Келіс
  78. Нұрлан Қами
  79. Кірқабақов Абатбай
  80. Сәлімбаев Сағадат
  81. Сейітжанова Гүлжауһар
  82. Соқпақбаева Самал
  83. Тұрысбеков Рахымжан
  84. Башар Жанболат
  85. Ыбыраев Көмек
  86. Телтаев Бағдат
  87. Бердалы Назира
  88. Ғабдуллин Кәбір
  89. Шәрбақынұлы Бұқай
  90. Сексенбаева Әдия
  91. Қамзақызы Шәмшәбану
  92. Құсайынұлы Шаяхмет
  93. Әбдірайым Толымбек
  94. Бәйменше Серікқали
  95. Құттыбаев Сансызбай
  96. Мұсабаев Хамитбек
  97. Сколковская Нина
  98. Үсенбекова Сәуле
  99. Мұқатов Нағашыбай
  100. Доронин Геннадий
  101. Жәлеке Үміт
  102. Шупейкин Василий
  103. Көшбайұлы Отыншы
  104. Цитаев Геннадий
  105. Домалайқызы Гүлісхан
  106. Дүйсенов Медет
  107. Жақсанов Оразалы
  108. Шәкен Жәди
  109. Спан Әбілқайыр
  110. Ғабдуллина Алмахан Мұхамедқалиқызы
  111. Қочқаров Хавозмат
  112. Мамырәлі Жәмилә.

 

ПІКІР ҚОСУ