«Ашық реставрация орталығы» ашылды
10.09.2024
306
0

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ашық реставрация орталығы» ашылды. Енді музейге келушілер реставрация жұмыстарының ерекшеліктерімен танысып, жәдігерлерді қалпына келтіру процесін де тамашалай алады.

Тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы реставраторлардың жұмысын паш ететін орталық музейдің реставрация бөлімі негізінде құрылды. Ал бұл бөлім 1978 жылдан бері ағаштан, металдан, керамикадан, тоқыма бұйымдарынан және басқа материалдардан жасалған бұйымдарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып келген болатын. Ашылу салтанатына орай, қалпына келтіруге бағытталған бірегей экспонаттар келушілер назарына ұсынылды. Олардың қатарында белгілі қазақ суретшісі Молдахмет Кенбаевтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесі есігінің қарындашпен салған сызбасы және зерттеуші Л.Ю.Маньковскаяның XIV ғасырдағы сәулет кешені элементтерінің өлшемдік сызбалары бар.
Осы «Ашық реставрация орталығының» ашылуына орай, музейде керамика, тоқыма, киізден жасалған кілемдер, киім, металл және бейнелеу өнері сияқты көне жәдігерлерді қалпына келтіру бойынша шеберлік сағаттары өтті. Сондай-ақ іс-шара барысында, «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір