ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ
Үстіміздегі жылдың тамыз айының 25-і күні Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретариаты болды. Секретариаттың шешімімен: Қорғанбек Аманжоловқа «Алапа» өлеңдер жинағы үшін; Жанат Әскербекқызы «Ай-тамғы» өлеңдер жинағы үшін; Қайрат Бақбергеновке «Междуречье» аударма кітабы үшін; Арман Қаниға «Сен және мен» өлеңдер жинағы үшін; Нұрлан Қалқаға «Мизам шуақ» өлеңдер жинағы үшін; Молдахмет Қаназға «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» романы үшін; Өтеген Оралбаевқа «Қағбаның қарлығаштары» өлеңдер жинағы үшін; Жұмагүл Солтиеваға «Сағым қуғандар», «Әйел махаббаты» пьесалары үшін; Әдібай Табылдиевке, Рахым Балабиевке, Сұлтан Оразалиновке, Қуанышбай Құрманғалиға «Әдебиетті насихаттаудағы еңбектері үшін» Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.