ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОҚУШЫЛАР ОРТАСЫНДА
1 қыркүйек күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының №3 мектебі мен №32 мектеп-гимназиясының оқытушылары мен оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады.
Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласына баса назар аударады. Осының нәтижесінде білім сапасын білімділік деңгейін көтеруге бағытталған тиімді шаралар қолға алынуда. Жыл сайын орта мектептердің материалдық-техникалық қоры нығайып, мұғалімдердің еңбек ақысы өсуде. Балаларымыздың халықаралық талаптарға сай білім алулары үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, – дей келіп, жастардың болашағына зор сенім білдірді.