ҰЛЫ ДАЛА БОЯУЛАРЫ
26.08.2016
1328
0

Бүгін, яғни 26 тамыз күні сағат 15.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Марат Тұрғымбайдың «Ұлы Дала бояулары» атты жеке көрмесі ашылады.  Суретшінің туындылары Қазақстан  табиғаты мен тарихынан сыр шертеді. Ол таулар мен жазира даланы асқақтата жырлайды,  бала кезінен құмартқан көктемнің ашық бояуларын береді.

Экспозиция суретшінің кескіндемелік стилінің ерекшелігі болып саналатын фор­маның символ­дығы мен монументтігі, түстер шешімінің декора­тивтілігі, адамдар образы мен табиғатты бейне­леудегі ерекше композицияларын көрер­меннің алдына жайып салады. Суретшінің кескіндемелік ізде­ніс­тері оның өзіне тән стилін іздеп табу жолындағы ұмтылысын айғақтайды.

Суретшінің көрмедегі жұмыстары сюжеті бойынша да, олардың көркемдік баяндауы бойынша да сан алуан. Автор ауқымды тарихи сурет­терінде өткен мен қазіргінің сабақтастығы туралы, өз халқының рухани мұрасын сақтау қажеттігі туралы айтады.

М.Тұрғымбай – кескіндемелік туындылармен қатар, кескіндемелік дәстүрлі және қондырғылы өнердің жарқын, көркем синте­зіне деген икемін білдіретін гобелендердің де авторы. Бұл экспозиция суретшінің маңыз­ды жетістіктері тура­лы оның үлкен шығар­машылық әлеуе­ті айтар ойының кеңдігі мен оларды іске асыру­дағы батылдығы жайлы мағлұмат береді. Ма­рат Тұр­ғым­бай­дың картиналары ұлттық ерек­шелігімен дара.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір