Тұңғыш Тянь-Шань халықаралық форумы
05.11.2026
36
0

21–23 қазанда Бейжіңде «Қытай – Орталық Азия әдебиетінің І Тянь-Шань форум» өт­ті. Халықаралық жиынға Қытай мен Орталық Азияның бес елінен белгілі ғалымдар мен әдебиет­танушылар қатысты.

Халықаралық форум Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының мәжіліс залында өт­ті.Алғашқы пленарлық мәжілісті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Этникалық әдебиет­тер институтының директоры Андэ Мин ашып,оның орынбасары Лю Дасянь бастап жүргізді.
Ұлт­тар әдебиеті теориясы бөлімінің меңгерушісі И На жүргізген пленарлық мәжілісте Қырғыз мәдениет және өнер ұлт­тық университетінің профессоры Үміт Құлтаева «Рухани резонанс:Конфуций және Қырғызстан жазушылары»,
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы «Мұхтар Әуезов пен Лу Шүн шығармашылығындағы сыни дәстүр мен әдеби жаңашылдық»,Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Этникалық әдебиет­тер институтының ғылыми қызметкері Адыл Жұматұрды «Тао Ян және қытай манастануындағы дереккөздік негіздердің көрінісі»,Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Өзбек тілі,әдебиеті және фольклоры институтының директоры Жаббор Ешанқұлов «Бақсы орындаушылық өнері өзбек халық дәстүрлері контексінде» деген тақырыптарда баяндамалар жасады.Түстен кейінгі мәжілісте Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлт­тық университетінің проректоры Садық Алахан «Манас» эпосының прозалық аудармаларының ерекшеліктері»,Қазақстан Ұлт­тық ғылым академиясының академигі Бауыржан Жақып «Мұхтар Әуезовтің «Манас» эпосы туралы зерт­теулері»,Қарақалпақстан мемлекет­тік университетінің профессоры Құбанычбай Оразмамбет «Орталық Азиядағы түркі халықтарының әдебиеті»,Қарақалпақ мемлекет­тік университеті қарақалпақ филологиясы мен журналистикасы факультетінің деканы Қонақбай Тұрдыбаев «Ибрайм Юсупов поэзиясындағы қырғыз-қарақалпақ достығы»,Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Ұлт­тар әдебиеті институтының кіші ғылыми қызметкері Тұрсынай Тулак «Ұйғыр дастандарының қазіргі трансформациясы және дамуы», Қырғыз ұлт­тық университетінің профессоры Венера Ахматова «Әдеби антропология:Шыңғыс Айтматов шығармашылығындағы экзистенциализм» ат­ты тақырыптарда мазмұнды баяндамалар жасады.
Жалпы саны 47 ғалым қатысқан форумда профессор Дүкен Мәсімханұлының қытай тілінде жасаған «Мұхтар Әуезов және Лу Шүн: ұлт­тық дәстүрге сыни көзқарас және әдебиет­тегі жаңашылдық» ат­ты баяндамасы жоғары бағаланды.
Конференцияның жабылу рәсімінде ғылыми қорытынды жасаған Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Этникалық әдебиет­тер институты директорының орынбасары, профессор Лю Дасянь қазақстандық ғалым Д.Мәсімханұлының баяндамасын арнайы атап өт­ті. «Бұл жолғы конференциядағы елеулі жаңалықтардың бірі – қытай жазушысы Лу Шүн мен Қазақ елінің ұлы қаламгері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын салыстырған баяндама болды.Бұл салыстырудың маңызы – екі жазушының шығармашылығындағы ұқсастықтарды анықтаумен ғана шектелмей, әр халықтың әдеби жаңғыру тәжірибесін өз тарихи-мәдени болмысымен сабақтастыра қарастыруында. Ұлт­тық мұраны жаңаша бағамдау, қоғамның рухани ізденістерін көркем әдебиет арқылы таныту, дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасын зерделеу сияқты мәселелер қазақ және қытай әдебиет­терін өзара байланыстыра зерт­теудің кең мүмкіндігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, Мұхтар Әуезов пен Лу Шүн шығармашылығын салыстыру екі елдің әдеби мұрасын тереңірек тануға әрі әдебиет­танудағы ғылыми сұхбат­ты дамытуға негіз болады», – деді ол.
Бұл пікір Дүкен Мәсімханұлы ұсынған салыстырмалы зерт­теудің ғылыми маңызын айғақтап, қазақ-қытай әдеби байланыстарын жаңа қырынан зерделеуге деген қызығушылықты арт­тыра түсті.
ҚР ҰҒА академигі Б.Жақыптың «Мұхтар Әуезовтің қырғыз эпосы «Манас» туралы зерт­теулері» деген тақырыптағы баяндамасы да қатысушылардың назарын айырықша аударды.Әсіресе қазақтың ұлы жазушысының қырғыз халқының «Манас» эпосын 1928 жылдан бастап 1952 жылға де­йін зерт­теген еңбектерінің мән-маңызының зор екеніне ғылыми қауым дән разы болды.
Форумда профессор Андэ Мин, Ли Вэйцзянь, Адыл Жұматұрды, Жаббор Эшонқұлов, Үміт Құлтаева, Сунь Лэй, Долокен, Мамметайша Мамет­турхан, Бахдолет Муназил,Ми Яньцин, т.б. ғалымдар әдеби мұра, эпостану және мәдени байланыстар мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Тао Янның ғылыми еңбегі мен Конфуцийдің рухани мұрасы қарастырылды.
Үш ғылыми секцияда әдебиет­тердің өзара ықпалдастығы, эпикалық дәстүр және мәдени мұраны цифрландыру мәселелері талқыланды.
Бұл халықаралық басқосу қазақ әдебиет­тануы мен шығыстану ғылымының беделін арт­тырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.
Тянь-шань форумы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратындығы хабарланды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір