Шымкенттік ұстаздар – конкурс жүлдегерлері
03.11.2026
26
0

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлт­тық ғылыми-практикалық орталығы ұйым­дастырған «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі – 2026» республикалық байқауының II финалдық кезеңі қорытындыланды.

Байқау нәтижесінде Шымкент қаласының арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері жоғары кәсіби шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға ие болды.
«Арнайы балабақшаның үздік тәрбиешісі» номинациясы бойынша Шымкент қаласындағы №33 «Ақбота» арнаулы балабақшасының тәрбиешісі Гүлжанар Тұретайқызы жеңімпаз атанды.
Ал ІІ орын «Арнайы балабақшаның үздік педагогі» номинациясы бойынша Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №32 «Еркін» мемлекеттік арнаулы балабақшасының педагог-логопеді Дария Бақытқызына бұйырды.
Бұл жетістіктер – ұстаздардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық ізденісінің, өз ісіне деген жауапкершілігі мен балалардың дамуына бағытталған қажырлы еңбегінің нәтижесі.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір