ҚЫТАЙ ҚАЛАМГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
05.08.2016
977
0

IMG-20160804-WA0009Өткен дүйсенбіде Қазақстан Жазушылар одағында Қытай Халық Республикасының Цзянсу корпорациясының өкілдері мен қазақ  қаламгерлері бас қосып, екі ел арасындағы рухани әдеби байланыстар жайында пікір алмасты.  Жиынға халық  жазушы Қабдеш Жұмаділов,  ұйғыр жазушысы Ахметжан  Ашири, жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабай,  Ауған соғысының ардагері, ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, ақын Әділғазы Қайырбек, балалар жазушысы Тұрдақын Жексенбай, жазушы-аудармашы Ғазизбек Тәшімбай және т.б. қаламгерлер қатысты. 

Шара барысында жазушы Қабдеш Жұмаділов аударма мәселесін қолға алуды ұсынды. Сондай-ақ, басқа қаламгерлер де әдеби шығармашылық байланыстар жайында өз ойларын ортаға салды. Аспанасты елінің қаламгерлері кітап тара­лымының аздығын, қазіргі уақытта  жастардың барлығы интернетті пайдаланатынын алға тартты. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары  Жанарбек Әшімжан жүргізді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір