«ӘН ҚАНАТЫНДАҒЫ ЖЫР» ДӘНЕШ РАҚЫШЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Жазушылар одағы, Алматы облысының «Тамшыбұлақ» әдебиетшілер қауымдастығы мен Дәнеш Рақышев атындағы қордың ұйымдастыруымен қазақтың жезтаңдай әншісі, сазгер, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышұлының туғанына 90 жыл толу мерейтойына орай «Ән қанатындағы жыр» атты республикалық жазба ақындар байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты – бар өмірін ән өнеріне арнаған, әнші ақындардың дәстүрін жалғастырушы, ән өнерінің ақберені, Жетісудың әншілік мектебін қалыптастырған Дәнеш Рақышұлының есімін жыр әлемінде асқақтату, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сияқты есімдері әдебиет тарихында қалған ұлы тұлғалардай Дәнеш есімін поэ
зияда қалдыру, әншінің мол мұрасы арқылы ән құдіретін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқауға еліміздің барлық облыстарынан 20-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.
Байқау 2 тапсырма бойынша өтеді:
- «Ән өнерінің ақберені».
Ақындардың Дәнеш Рақышұлына арнаған өлеңі. Мазмұны әншінің қазақ өнерінде алатын орнын, өмір жолын, туған жерінің шежірелі тарихын, сұлу табиғатын танытатын туынды болуы шарт.
- «Ән қанатындағы жыр».
Д.Рақышев орындаған әндерге арналған өлең. Ән өнерінің құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тілге тиек ету.
Шығармалар көлемі 15 шумақтан аспауы керек.
Байқау шарттары:
Қатысушы талапкерлерден төмендегі құжаттар қабылданады:
– байқауға қатысушы туралы мәлімет (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, анықтама телефоны);
– шығармашылық өмірбаяны, өлеңдерінің электронды нұсқасы;
– түрлі түсті 6х9 көлемдегі фотосуреті, жеке куәлігінің көшірмесін жіберуі тиіс.
Байқау жеңімпаздары Дәнеш Рақышев атындағы қордың тағайындаған арнайы жүлделерімен марапатталады. Ұсынылған өлең-жырлар топтама жинақ ретінде шығарылады.
Байқауға қатысушы үміткер туралы жоғарыдағы көрсетілген құжаттар, өлеңдері (электронды нұсқасы) 2016 жылдың 1 қазанына дейін төмендегі электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс:
E-mail: danesh_gulnar@mail.ru
Байланыс телефондары:
8-778-333 78 21, 8-775-637 27 80.