Қазақ қаламгерлері Қытайдың Ұлттық кітапханасында болды
22.12.2025
38
0

Бір ғасырдан астам тарихы бар, Цин әулетінің (1644–1911) соңғы императоры негізін қалаған Қытайдың ұлттық кітапханасына қазақ қаламгерлері арнайы барып, кітапхана жұмысымен танысты.

Көлемі 250 мың шаршыметрді алып жатқан бұл кітапхана Вашингтондағы Конгресс кітапханасы мен Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасынан кейін әлемде үшінші орын алады.
Ал кітапхана коллекциясы жөнінен әлемде бесінші орынға шығып отыр. Оның қорында 30 миллион томнан астам кітап бар. Кітапханада жануарлардың сүйектеріне жазылған сирек жәдігерлер, Цзинь әулетінің Дуньхуан, Чжаочэнь, Трипитака қолжазбалары, әдебиеттердің төрт тармақтарының толық кітапханасы сақталған.
Ұлттық кітапхана жасаған 10 мыңнан астам электрондық кітаптарды қараумен қатар, оқырмандар ұялы телефондар және кәбілдік теледидар арқылы кітап мазмұнын көре алады. Қытай ұлттық кітапханасының жаңа ғимаратында оқырмандар залы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған залдар, конференц-залдар орналасқан.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов Қытай ұлттық кітапханасында орналасқан ­Қазақстан Әдебиетінің орталығына қазақ қаламгерлерінің кітаптарын сыйға тартты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір