БАЛА ЖӘНЕ ӨМІР БӘЙГЕСІ
10.06.2016
1317
0

6040540e3a807242a7dd65e1f53913c3_bigҚазақстандағы атақты қаржыгерлердің  бірі бала күнінде математика пәнінің бақылауынан ылғи жоғары балл алады екен. Бір жолы жоғары балл алған балалардың ішінде екінші болып тұрғаны үшін қатты кіжініпті.  Оның себебін мен ылғи да бірінші болуым керек деген ішкі ұстанымымен түсіндірген екен. Баланың бұлай кіжінуі оның талапшылдығын көрсетсе керек. Ал тәрбиенің дұрыс берілмегенінен  кіжініп өскен бала қандай болады? Біз бүгін бірқатар психологтарға төмендегідей сұрақ бердік.  Алтынсарин әдебиетке әкелген бай баласы мен жарлы баласы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғанын байқамай қалғаннан саумыз ба. Бүгінгі бала кім? Бала жаратылысындағы құбылысты аңғармай өмір бәйгесіне қосып жіберіп, қайсысы бірінші келер екен деп көмбенің үстінде тұрған ақсақалдардан аумаймыз. Ең құрығанда ең алғашқы ұстазымыздың «Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. Өнер – жігіт көркі деп ескермедік мақалды… Біз болмасақ сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамдыға» ұқсайтын сөз айту парызымыз шығар. Сіз қалай ойлайсыз?

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір