«Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан етеді!»
01.11.2025
81
0

Жас дос!
Елдегі есірткі жайлы ақпаратқа құлақ сал. Ресми мәліметтер бойынша: 17 000 адам есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр. Синтетикалық есірткіні тұтынатын тәуелділер саны соңғы 5 жылда 14 есе өскен. Сарапшылардың бағалауынша, нақты тәуелділер саны бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін, өйткені көп адам ресми тіркелмейді. Ең өкініштісі олардың арасында 13–18 жастағы жастар бар. Халқымызда ауруын жасырған өледі» деген қанатты сөз бар. Бұл қорқынышты сандарды бәрің білулерің керек. Сақ болып жүру үшін.
Себебі есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар мен тыйым салынған заттарды тарату оқиғалары біздің Қызылорда облысында да жиі кездеседі. Есірткі сенің денсаулығыңды ғана емес, жарқын болашағыңа барар жолды жабады. Синтетикалық есірткіні дәрілерден химиялық қоспалармен жасайды. Ол адамды ақыл есінен айырып, кейін сал етеді. Бұл індет жастар арасында кең таралып жатқан соң, сақ болмасаң қауіп көп. Қылмыскерлер интернет арқылы есірткі сатуын азайтар емес.
Достар!
Telegram, Darknet және т.б. әлеуметтік желілерде отырғанда сақ болыңдар! Бөтен адамдармен сөйлеспеңдер! Жалақысы жоғары жұмыс ұсынса да бас тарт!
Есірткіден аулақ бол!

Ақбаян Ниязбаева,
№85 орта мектептің
10 «Ә» сынып оқушысы,

Төретам кенті,
Қармақшы ауданы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір