«Есірткі армандарды өлтіреді!»
08.11.2025
157
0

Жас дос!

Замандас!

Жазда мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басамыз. Алтын ұя мектебімізбен қоштасу, жаңа өмір парағын бастау қандай қуанышты әрі ерекше толқынысты сәт. Медициналық академияны бітіріп, мантия киіп, дәрігер болғым келеді. Адамдардың сырқатын емдеп, алғысын алған тамаша емес пе? Саяхаттап, әлемді аралап, әлемнің кереметтерін көргенге не жетсін. Жақындарымда қуанып қалар еді.

Сенің арманың қандай? Кім болуды қалап отырсың? «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген, биік белестерге жетуді мақсат ет. Армандарың аласармасын! Бүгінгі бейбіт уақытта біздің білім алуымызға, дамуымызға барлық мүмкіндік бар. Жағдай жасалған сайын өмірді бағалай білуіміз қажет. Ата-анамыздың, ұстаздарымыздың үмітін ақтауымыз қажет. Біздің жетістігімізге бірінші қуанатын жақындарымыздың көңіліне қаяу салмайық. 

Замандасым, алдыңа мақсат қоярда адаспа! Жат қылықтан аулақ бол! Есірткісіз болашақты таңда! Өзің сілесің қазір синтетикалық есірткі үлкен қауіп төндіріп тұр. Денсаулыққа ғана емес, болашағыңа балта шабатын ғасыр індеті. Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтап жатыр. Дегенмен жастардың қауіптен хабары болып, сақ болғаны абзал. 

Жас дос!

Есірткісіз өмірді таңда!

Арманыңа асық!

Ақгүл Хамит,

№114 орта мектептің

11 — сынып оқушысы,

Қаракеткен ауылы,

Жалағаш ауданы,

Қызылорда облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір