«Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан етеді!»

Жас достар!
Замандастар!
Бәріңе белгілі есірткі деген тажал адамзатты улап жатыр. Қазір оның химиялық жолмен жасалған синтетикалық түрі кең тарауда. Есірткінің қай түрін алсақ та денсаулыққа зиян. Өмірге қауіп. Алға қойған мақсатыңа жетуге, армандарыңды орындауға кедергі келтіреді. Есірткінің салдарынан денсаулығың сыр беріп сал болып қалуың мүмкін. Тіпті нашақорлық өлімге алып келеді.
Сен жассың. Тағдырың енді ғана басталды. Оның әрбір кезеңін қуаныш пен бақытқа толы етіп өткізуің керек. Жақындарыңды қуантып, жетістікке жеткен жақсы емес пе?
Достар «Закладчик» дегенді біліп жүріңдер. Ол есірткі таратушы. Қазір қылмыскерлер әлеуметтік желі арқылы есірткі таратуға жастарды жұмсайды. Көп ақша берем деседе бұл жұмысқа келіспе! Есірткі сату — қылмыс! «Қылмыс түбі — қорлық» деген. Түбі жақсылыққа апармайды. Ұсталсаң темір торға қамалып, өмірің қор болады. Жаңалықтардан естіп те жүрсің. Полиция қызметкерлері күн сайын қаншама заңсыз есірткі сатушылардың жолын кесуде.
Жас достар! Біздің өміріміздегі әрбір әрекетіміз өзімізге байланысты. Ата-ана үнемі қасымызда жүрмейді. Мен есірткісіз болашақты таңдаймын. Сондықтан өз тағдырымызды өзіміз құртпайық! Есірткіден аулақ болайық!
Қайсар Алмасбек,
№41 М.Шоқай атындағы
орта мектептің 5-сынып оқушысы,
Сұлутөбе ауылы,
Шиелі ауданы