«Есірткі армандарды өлтіреді!»
01.11.2025
90
0


Жас дос!
Менің арманым мектепті жақсы бітіріп, оқуға түсу. Өскенде дәрігер болып барша көмек күткен жандардың қасынан табылғым келеді. Өзіме ғана емес қоғамға пайдасы тиер жан болсам деймін.
Сенің арманың қандай?
Айқын мақсат қой. Асқақ арманға ұмтыл! Жетістікке өзің ғана жетіп қоймай жақындарыңды да қуанта аласың. Ол үшін есірткіге жолама. Есірткіні қолданған әр жас өз арманынан алыстайды. Кеше ғана өмірге құштар, үмітке толы болған жандар бірте-бірте өз жолынан адасып, қайта жол таппай жүр.
Сәл сәтсіздікке кезіксең мойыма. Өмір онымен бітпейді. Жақындарың мен достарыңның көмегімен барлық қиындық жеңесің. Ал нашақорлықты жеңу қиын. Ғасырлар бойы күресіп жеңе алмай келеді. Сен тек өзіңе сенімді болып дұрыс таңдау жаса. Өмірге, өзіңе деген сеніміңді ешқашан жоғалтпа.
Ақын Абай Құнанбаев «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен білімің екі жақтап» демекші, үнемі өзіңе деген сеніміңді жоғалтпа! Біз саған сенеміз! Сенің қолыңнан бәрі келеді! Сен бұл өмірдегі ең ақылды, ең жақсы доссың! Асқақ армандарыңа асық!
Есірткіден аулақ бол!

Аяжан Күзембаева,
№ 185 орта мектептің
6-сынып оқушысы,
Т. Көмекбаев ауылы,
Қармақшы ауданы,
Қызылорда облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір