Қаламға қонған құт
21.10.2025
155
0

Сөз зергері, руханият шырақшысы, қаламының ұшымен қоғамның үніне айналған Ғалымжан Елшібай 50 жасқа толды. Ақпарат айдынында абыройлы еңбек жолын қалдырған журналистің мерейтойына арналған салтанатты жиынға қаламдас әріптестері, жерлестері мен оқырман қауым қатысты.

Елу жастың отыз жылдан астамын журналистика саласына арнаған Ғалымжан Елшібай – осы кәсіптің ыстығын да, суығын да бір кісідей көрген азамат. Көптеген республикалық басылымдарда абыройлы қызмет атқарып келеді.
Мерейтойға «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, академик, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, «Ана тілі» газетінің бас редакторы, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ерлан Жүніс, «Zan Media» холдингінің бас директоры Досымбек Қонысбек және әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке тәрізді белгілі қаламгерлер қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Шығармашылық кеш алдында облыс әкімі Нұралхан Көшеров еліміздегі жетекші басылым басшыларымен «Farab» кітапханасында кездесіп, сұхбат берді. Екі арадағы емен-жарқын әңгіме облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуынан руханият саласына дейінгі аралықтағы тақырыптарды қозғады.
Салтанатты шарада Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің құттықтау хаттарын арнайы жіберген делегация жетекшілері оқыды.
Шығармашылық кеште Ғ.Елшібайдың әр жылдары жазылған жырлары оқылып, оның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір