Ақын мұрасы – халық қазынасы
21.10.2025
200
0

Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына арналған шаралар жалғасу үстінде. Жақында Алматыдағы Орбита ықшам ауданында орналасқан №29 балалар кітапханасында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты тартымды кеш өтіп, оған белгілі қаламгерлер және қаладағы №40 орта мектеп пен №145 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Кеште бірінші болып сөз алған журналист, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәулет Сейсенұлы ұлы ақынға арналып өткізілген мерейтойлар тарихына тоқталып, үстіміздегі жылдың тамызында Абайдың 180 жылдығына байланысты Семейде ұйымдастырылған мерекелік шаралардан алған әсерін айтып берді. Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әбубәкір Қайран ұлы ойшыл мұрасының тәрбиелік мән-маңызын ашып көрсетіп, өзінің Абайға арнаған толғауын оқып берді. Ал абайтанушы-ғалым, профессор Серікқазы Қорабай Абайдың ренессанстық тұлға ретіндегі толық адам ілімі туралы ой өрбітіп, ұлы ақын өмірінде елеулі орын алған талантты інісі Халиолла Өскенбаев жөнінде құнды деректер келтірді.
Шара барысында оқушылар Абай өлеңдерін жатқа айтып, әндерін домбыра мен жетігенде орын­дады. Кеш соңында кітапхана мең­геру­шісі Алмагүл Жүдеуова әсерлі әңгі­мелері үшін қаламгерлерге алғысын білдірді.

Анар Арманбекова,
кітапхана қызметкері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір