Саттар мұрасы насихатталды
22.01.2024
347
0

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында өмірден тым ерте, жалындап өткен жазушы Саттар Ерубаевтың шығармашылық ғұмыры тақырыбында «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» атты әдеби кеш өткізді. Кешті Айбын Ахмадиев жүргізді.

Ақын Қасымхан Сейітханұлы небәрі 23 жылдық ғұмырында әдебиет әлеміне құбылыс болып келген Саттар Ерубаевтың жазушылық қырына тоқталып, оның қайраткерлік болмысы жайлы ой қозғады. Еркін форматта өткен жиынға қатысушы жастар спикерге сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алып, Саттар Ерубаев жайлы қызықты да деректі мәліметтерге қанықты.
Кеште қорытынды сөз сөйлеген кітапхана қызметкері Шарайна Құмарова әдеби кешке арнайы келген қонақтарға алғысын айтып, Саттар Ерубаев тұлғасы жастарға үлгі болып қалатындығын атап өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір