ҰРПАҚҚА ҚИЯНАТ
10.06.2016
1469
0

Ақтөбеде болып жатқан қанды оқиға баршамызды күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырды.

Ел тәуелсіздігінің жиырма бес жыл бойы мүге­дек аналардың тыныс- тірлігімен таныса  жүріп, Қа­зақс­тан­ның бар аймағын аралап шыққан маған халық қамын ойлаған басшылар көп кездесті. Аға­йыны аш отырса да селт етпеген, айналасында жетім-жесір жандар бар еке­нін білгісі де келмеген, билікте отырғанда  шөбересіне дейін жететін байлықты жи­нап алған тоғышарлық майлы орынға қанішерлік­пен қайта оралуды алдарына мақ­сат етіп қойған екен.

Олардың айтқандарына «ләппай тақсыр» дейтін­дер өз қазағымыздың азаматтары ғой. Мені алаңдата­ты­ны да солар.  Ана жерде бір баласын, мына жерде бір баласын тастап, алимент  төлемей қашып жүрген аз­ғын әкелер­ден, әйелінің мойнына мініп отырған намыссыздардан, бір бөтелке арақ, бір шөкім анаша үшін әке­сін сататындардан, ұрпағының болашағын ойламайтындардан, әсі­ресе, жастарымызды сақтан­дыр­ғым келеді.

Істегісі келген адамға елімізде жұмыс табылады. Са­налы бала бүгін базарда жүк тасушы болса, ертең сол базардың басшысы болады. Бәрі адамның өзіне байланыс­ты екеніне менің ғұмырлық тәжірибем куә.

Айналайындар-ау! Жиырма бес жылғы жетіс­ті­гі­мізді жой­қын күшпен ада етіп, қанішерлер басқа­ра­­тын елде қайыр­шылықпен өмір сүрмекшімі­сің­дер?

Әр азамат өзінің отбасына жауапкершілікпен қа­рай­тын болса ғана төрт құбыласы түгел мемлекет құра ала­­­тынымызды айтып та, жазып та жүрміз. Ба­лала­ры­мыз  адам баласына қажетті бар қасиетті ұрпағына өс­иет етіп қалдырып кеткен. Сол өсиеттен ауытқымайық, аға­йын…

Бибігүл ИМАНҒАЗИНА,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
«БИБІ-АНА» қайырымдылық Қорының президенті.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір