САХНАДА – ЖҮРСІН ЕРМАН!
Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 6 маусым күні сағат 17.00-де М.Әуезов атындағы қазақ мемлекетік академиялық драма театрында Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, көрнекті ақын Жүрсін Ерманның «Ұлытаудың ұлымын» атты шығармашылық кеші өтеді.
Кеште Ж.Ерманның өлеңдері оқылады, ақынның сөзіне жазылған әндер орындалады, ақындар айтысы болады.
Бұл думанға Еркін Нұржан, Ерлан Рысқали, Сүлеймен Ибрагимов, Роза Әлқожа, Бота Тұрмағамбетова, Аллажар Қайбар секілді бірқатар әншілер, Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Бауыржан Халиолла, Рүстем Қайыртай, Еркебұлан Қайназаров, Иран-ғайып Күзембаев, Қалижан Білдашев, Мейірбек Сұлтанхан, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев, Шұғайып Сезімхан, тағы басқа айтыс ақындары, пародияшы Олжас Сыдықбек қатысады.
Кешті белгілі айтыскер Аманжол Әлтаев жүргізеді.
Келем деушілерге есік ашық.