«ТҮРКІ ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
09.06.2025
137
0

Ақтау қаласының 2025 жылғы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» атануына орай, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, халық­аралық деңгейдегі ауқымды әдеби шара — «Түркі жас қаламгерлері» фестивалі ұйымдастырылады.

Фестивальдың басты мақсаты — түркітілдес мемлекеттердің жас әдебиет өкілдері арасында шығармашылық байланысты нығайту, қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді таныту, жас қаламгерлердің көркемдік ойлау көкжиегін кеңейтіп, олардың туындыларын халықаралық кеңістікке шығару.
Халықаралық фестивальға қатысатын елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия, Түркіменстан.
Фестивальға 20–40 жас аралығындағы түркітілдес жас қаламгерлер қатыса алады.
Шығармашылық байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:
• Проза
• Поэзия
• Драматургия
Шығармаларды қабылдау: 2025 жылғы 20 маусымға дейін.
• Байқау қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылғы 8 шілде күні Ақтау қаласында өтетін әдеби форум дөңгелек үстел аясында жарияланады.
Фестиваль жеңімпаздарын әдебиеттану саласында беделі бар, елімізге және шетелге танымал ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы анықтайды.
Байқау форматы:
• Шығармашылық байқау жабық форматта өтеді.
• Қатысушының аты-жөні шығармамен бірге бағалау кезінде жария етілмейді.
«Түркі жас қаламгерлері» фестивалі түбі бір түркі халықтарының рухани байланысын тереңдетіп, жас қаламгерлер арасындағы шығармашылық серіктестікті нығайтатын тағылымды әдеби алаң болмақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір