Жазушы, этнограф-ғалым Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына орай, этнографиялық шығармаларға халықаралық әдеби байқау жарияланады


Байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі этнографиялық әңгімелер мен өлеңдерге конкурс жариялау арқылы қаламгерлерге қолдау көрсету.
Байқауды Қазақстан Жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры өткізеді.
Халықаралық байқауды өткізу мерзімі:
• өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 30 тамызына дейін;
• Жүлдегерлер 2025 жылы қазан айында өтетін Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына арналған салтанатты кеште марапатталады.
Байқау шарттары:
. байқауға Қазақстандағы жазушылар мен ақындар, шетелдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады; Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды;
. шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
. шығармалар қазақ, орыс тілінде қабылданады;
.әңгіме желісінде ұлтымыздың этнографиясы қамтылуы міндетті;
. жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды;
. қолжазбалар Zeinollasanik@mail.ru электронды поштада қабылданады;
. байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді;
. байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен іріктелген еңбектер жеке кітап болып басылып шығады.
Марапаттау:
Ең үздік деп танылған шығарма авторлары «Зейнолла Сәнік атындағы сыйлықтың иегері » марапаты мен қаржылай сыйлыққа ие болады.
Бірінші орын(екеу) – 1,5 миллион теңгеден;
Екінші орын(біреу ) – 1 миллион теңге;
Үшінші орын(екеу ) – 500 мың теңгеден;
Ынталандыру сыйлығы(үшеу) – 300 мың теңгеден.