Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар мен ҚХА мүшелері қатысты. Сессия барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрақты дамуының басты шарты ретінде этносаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жалпыұлттық бірлікті нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Ауқымды жиында Ассамблеяның жұмысындағы негізгі бағыттар талқыланды. Қатысушылар тұрақты этносаралық диалогты дамыту, жастардың ҚХА жобаларына қатысуын кеңейту негіздеріне тоқталып, Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын жүйеледі.
Сессия қорытындысында этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын күшейтуге және толеранттылық, бірлік пен жасампаздық құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған жаңа жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.
ҚХА-ның XXXIV сессиясы ассамблея институтын қоғамдық келісімнің тиімді тетігі ретінде дамыту жолындағы маңызды кезең болды. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ел бірлігін нығайтуға және еліміздің одан әрі өркендеуіне бағытталған Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын қолдауға дайын екендерін білдірді.
Мухлиса КУКАНОВА,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университеті,
журналистика факультетінің 1-курс студенті