ҚАЛАМГЕР ОҚЫРМАНДАР  ОРТАСЫНДА
20.05.2016
1360
0

ОЛРПЬРЖЖуырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы әкімінің арнайы шақыртуымен белгілі публицист жазушы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов «Сырдария» университетінде оқытушылармен, студенттермен кездесу өткізіп, оқу орнының мұражайымен танысты.  

Жүздесу барысында қаламгер өзінің Оңтүстік Америка құрлығына барған сапары, ондағы Амазонка үндістері мекеніне саяхаты, Африка құрлығы сапарында көргендері мен көңілге түйгендері жайлы қызықты  әңгімелер айтты.

Жазушы соңғы жылдарда жазған кітап­тарын тіліне тиек етті. Студенттер тара­пынан қойылған сұрақтарға Б.Жолдасбекұлы қызықты, әрі мазмұнды жауаптар қайтарды. Қаламгер өзінің туындыларын «Сырдария» университетінің ректоры С.Дайырбековке табыс етті.  Университет кітапханасына, жақсы сұрақ қойған студенттерге қолтаңбасымен кітаптарын сыйлады.

Жазушыны Мақтаарл ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев қабылдап, өңірде атқарылып жатқан игі істер жайлы айтты.

Публицист жазушымен кездесу Ғани Мұратбаев атындағы «Жетісай» гумани­тар­лық-техникалық, «Жетісай» медицина, «Мақтаарал» экономикалық агробизнес колледждерінде, сонымен қатар, жазушының өзі оқыған А.П.Чехов атындағы және Ж.Сүлейменов атындағы орта мектептерде жалғасты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір