Серік Ақсұңқарұлының мерейтойы туралы сөз
15.04.2025
69
1

(Танымал қаламгерлердің мерейтойын қалай өткізуіміз керегі жайлы баян)

Әр елдің өз дәстүрі мен әдет-ғұрыпы бар. Бір жерде әншілерді мадақтайды, басқа жерде шешендерді құрмет тұтады, ал кейбір елдерде тіпті сыра қайнатушылар мен қолөнершілерді алақандарына салып, әлпештеп өтеді.

Біздің байтақ даламыздың әр кезе­ңінде рухани көсемдер болған. Олар – қашан да құрмет биігінде болған ақындар, жыршылар мен билер, яки дала қазылары, адвокаттары мен дауды шешкен ділмәрлар. Әр ханның тұсында өз ақыны мен биі болған. Хан әрқашан ақынның сөзіне құлақ асып отырған.
Қанша жерден дәуірлер сапыры­лы­сып, кезеңдер алмасып жатса да, елі­міздегі қаламгердің биігі ешқашан аласарып көрген емес.
Қазақ халқының көрнекті ақыны Серік Ақсұңқарұлының 75 жас мерей­тойы­­ның қаншалықты керемет ұйым­дас­­тырылғанын баяндау үшін сөздің басын осылайша бастап отырмын.
Шынымды айтсам, қай-қай жазу­шы­ның да мерейтойының осыншалықты бүге-шігесіне дейін ойластырылған мазмұн­ды кешін бұрын-соңды көрген емеспін.
Ең алдымен, ұйымдастырушылар қонақтардың бару-келу әуе билет­терін алып беріп, әуежайда арулар гүл шоқтарымен қарсы алып, үйіне кете-кеткенше әр қонаққа қызмет көрсетуші жеке көлік ұсынды.
«Руһтың шалқуы» шығармашылық кешінің әбден тың­ғылықты ойластырылғаны әрі қызықты болғаны сонша, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шара қонақтары Мә­дениет үйінен шыққысы келмей қалды.
Құрметті қонақтардың құттықтау сөздері, талантты орындаушылардың көрсеткен өнері… Тіпті банкеттің өзі, әдетте, жел сөзді сапырудан жарыс өтіп жатқандай әсер қалдыратын күнделікті тойлардан басқаша өтті.
Өмір – бұл, кездесулер мен қоштасулардан тұрады. Қонақтарды әуежайдың құр­мет­ті қонақтарға арналған залында тәтті шай, дәмді тағамдармен шығарып салды.
Кейбір бәлеқорлар мұнша шығын­дану­дың қажеті қанша деуі де мүмкін. Иә, облыс біршама қаражат жұмсағаны анық. Бірақ маған облыс әкімдігіндегі қыз­меткерлер бұл қаражаттың мемле­кет­тік емес, демеушілік қаражат екенін айтқан.
Оның үстіне, әр дәуірде Серік Ақсұң­қарұлы секілді таланаттардың дүниеге келе бермейтінін терең түсінуіміз керек.

Бигелді Ғабдуллин,
жазушы-публицист

ПІКІРЛЕР1
Аноним 15.04.2025 | 19:19

С.Ақсұңқарұлы бөлек қой. Әйтседе мұндайға ақындарды көп дәндетпеу керек. Алған атағы аздай өндіріп ештеңе жазбаса да елдегі арзан марапат пен атаққа дәндегендер мерей тойымызды әкімшілік өтізіп берсе екен деп жүргендері жоқ емес. қолдан жалған атақ мансап жасап алғандарда баршылық. қазір осындайлар көбейіп кетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір