Универсиаданың күміс медалін жеңіп алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Аяулым Әміренова Туринде өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
Дүниежүзілік доданың ашылу салтанатында Мемлекеттік Туды алып шыққан спортшымыз – медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс докторанты, фристайл бойынша ұлттық құраманың мүшесі.
Аяулым Әміренованың қоржынында 2017 жылғы Еуропа Кубогының кезеңдерінен бастап алтын, күміс және қола медальдары бар.
Сонымен қатар Пхёнчхан (2018) және Бейжің (2022) Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткен.
Жас спортшымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Мақала жолдаушы Маулит Б,
Анипина А.К.
Мақала авторы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі