«Тұран» университетінің студенті бас сыйлықты жеңіп алды
30.09.2025
279
1

Жақында Алматы қаласы əкімдігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне жəне Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Ақшатыр» жазғы алаңында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті.

  Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі 2018 жылдан бастап ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай аталып келеді. Іс-шараның міндеті – көпшілікке Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатын жəне А. Байтұрсынұлының ұлт үшін еткен істерін насихаттау.

  Іс-шараны ұйымдастырған Мемлекеттік тілді дамыту институты болды. Мерекелік іс-шарада жастарға қазақ тілі, ұлттық өнер мен əдебиет туралы жəне Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы жайында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендеріне бағалы сыйлықтар берілді.

  Іс-шара барысында белгілі өнер шеберлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік сахнада «Жігер» ән тобы, «Jumyr Qylysh» жігіттер би тобы және әнші Иса Алимуса өнер көрсетіп, кештің сәнін келтірді.

Бұл іс-шараға «Тұран» университетінің Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебінің филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Қаршығаева Айнұр Аралбекқызының ұйымдастыруымен «Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенттері белсене қатысты. Іс-шарада өткізілген викториналық сұрақ-жауап 4 кезеңнен тұрды. Әр кезең 10-15 сұрақтан тұрды.

Кеш соңында ерекше білімпаздығымен көзге түскен «Тұран» университетінің Аударма ісі мамандығының 1-курс студенті Қалиақбарова Балжан шешуші кезеңде С. Торайғыровтың «Қазақ тілі» өлеңін жатқа оқып, бас жүлдені иеленді. Басты сыйлық – фотоаппаратқа ие болды.

Бұл кеш – тек мерекелік думан ғана емес, жастардың бойына отаншылдық сезім ұялатқан рухани орта болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жаңғыртуға жол ашады.

 

Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы,
«Тұран» университеті
Медиа және мәдениетаралық коммуникация
жоғары мектебінің
ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры

 

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 01.10.2025 | 00:45

Балжан шәкіртіміз өз білімін дәлелдеп жатыр!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір