АҚЫННЫҢ 75 ЖАСЫНА АРНАЛҒАН
25.02.2025
124
0

Алматыдағы «АRNA-b» баспасынан (директоры Б.Ойса) ақын, аудармашы Айыпберген Балтабаевтың (Айып Нұр) «Өлең жазам, өртенем» атты кітабы жарық көрді.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі Айыпберген Балтабаев – өмірден түйгенін өлең қылып өрнектеген ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында 1950 жылы дүниеге келген. Бүгінде де оңтүстік аймақта тұрады. Бірнеше кітаптары жарық көрген.
«Өлең жазам, өртенем» жыр жинағы биыл 75 жасқа толатын ақынның мерейлі жасына арналып отыр.
Қаламы құрғамаған ақынның кезекті кітабынан оқырманның алары бар деген ойдамыз.
Кітапты баспаға ұсынған журналист, баспагер Нұрлан Сүйін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір