«ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТҮРІКТАНУ»
Жақында Түркістан қаласында әдебиет сыншысы, ғалым, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің шығармашылығының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған «Құлбек Ергөбек және қазіргі түріктану» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Конференция Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы), Халықаралық Түрк Академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ААҚ, Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Конференцияға түркі әлемінің Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Татарстан, Қарақалпақстан, Хакасия, Саха секілді мемлекеттерінен түркі халықтарының әр түрлі мәселелерін ортаға салуға 100-ден аса әйгілі ғалымдары, академиктері, түркология алыптары мен Өмірзақ Айтбайұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Дулат Исабеков, Көпен Әмірбеков секілді және тағы басқа қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.