МЕМЛЕКЕТ­ТІК СТИПЕНДИЯНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ИЕГЕРЛЕРІ
14.01.2025
157
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы мәдениет саласындағы мемлекет­тік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды. Өкім мәтінініде: «Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекет­тік стипендия берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын», – деп жазылған. Мемлекет­тік стипендия иегері атанған әдебиет, өнер қайраткерлерін құт­тықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекет­тік стипендия берілген адамдардың толық тізімі төменде ұсынылып отыр:

ӘДЕБИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, II дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Ақынбаба Ақсұңқар – 1976 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекет­тік жастар сыйлығының лауреаты
Алдияр Бақытжан – 1974 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Амантай Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Асқар Әлібек – 1951 жылы туған, жазушы, II дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Ахметова Зейнеп – 1945 жылы туған, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, I дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Әшімов (Тарази) Әкім – 1933 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы
Байбұланова Жадыра – 1990 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекет­тік жастар сыйлығының лауреаты
Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Бөпежанова Әлия – 1952 жылы туған, әдебиет сыншысы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Елубаев Смағұл – 1947 жылы туған, жазушы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы
Ерлан Жүніс – 1984 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекет­тік жастар сыйлығының лауреаты
Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, ақын, «Отан», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Есенқарақызы Ханбибі – 1949 жылы туған, ақын, III дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері
Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, драматург, III дәрежелі «Барыс» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жақып Бауыржан – 1963 жылы туған, ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері
Жаңқашұлы Жанат – 1987 жылы туған, ақын
Жәленова Қатира – 1951 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Отан», I және ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері
Иманғазина Бибігүл – 1940 жылы туған, жазушы, I дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, II дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Қабышұлы Ғаббас – 1935 жылы туған, сатирик, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Мырзабек Амангелді – 1968 жылы туған, жазушы-публицист, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиет­танушы, I дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Нұржан Светқали – 1962 жылы туған, ақын, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Нұржеке-ұлы Бексұлтан – 1941 жылы туған, жазушы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы
Нұрмағанбетов Тынымбай – 1945 жылы туған, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Оразбаев Иранбек (Иран-Ғайып) – 1947 жылы туған, ақын, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Оспан Сейфолла – 1938 жылы туған, ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, III дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Салықбаева Гүлнар – 1963 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Сегізбаев Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және I дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстанның халық жазушысы
Темірхан Медетбек – 1945 жылы туған, ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған
Шашкова Любовь – 1951 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы

ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

Ақанаев Амандос – 1949 жылы туған, суретші, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Аравин Юрий – 1941 жылы туған, музыкатанушы, «Отан» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, актер, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және I дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, әнші, «Парасат» және IІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, балерина, «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Беркенова Әсия – 1950 жылы туған, айтыскер, «Құрмет» орденінің иегері
Болтанова Жібек – 1974 жылы туған, айтыскер
Бірімғазин Бейбіт – 1955 жылы туған, композитор, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Еслямова Самал – 1984 жылы туған, актриса, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінің ең үздік әйел рөлі үшін жүлдесінің және Азия киноакадемиясының «Ең үздік Азия актрисасы» жүлдесінің, Ресей кинематография өнері академиясының «Ника» сыйлығының лауреаты
Жайымов Айтқали – 1947 жылы туған, дирижер, композитор, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, музыкатанушы, өнертанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жақып Құт­тыбек – 1942 жылы туған, суретші, «Құрмет» орденінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған
Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Жаманқұлов Тұңғышбай – 1948 жылы туған, актер, III дәрежелі «Барыс», «Парасат» және II дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстанның халық артисі, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Жүзбай Жанғали – 1961 жылы туған, күйші, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, «Парасат» орденінің иегері
Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина
Лебсак Ирина – 1963 жылы туған, актриса, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық артисі, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекет­тік Елтаңбасының авторы, I дәрежелі «Барыс» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мұхамедқызы Майра – 1965 жылы туған, әнші, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның халық артисі, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, актриса, «Парасат» орденінің иегері
Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, III дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның халық артисі, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Обаев Есмұхан – 1941 жылы туған, режиссер, I дәрежелі және II дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері
Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, актер, «Отан», I дәрежелі «Барыс», «Парасат» және I дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Өмірәлиев Медғат – 1981 жылы туған, актер, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған
Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, актриса, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері
Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, әнші, «Парасат» орденінің иегері
Рудакова Людмила – 1937 жылы туған, балерина
Саматов Мақсат – 1995 жылы туған, опера солисі
Тарская Татьяна – 1939 жылы туған, актриса, II дәрежелі «Достық» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Тен Татьяна – 1985 жылы туған, балерина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, «Отан» және I дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты
Үлкенбаева Айгүл – 1962 жылы туған, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның халық артисі
Шәкірат Сержан – 1939 жылы туған, күйші, I дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері
Шілдебаев Қуат – 1957 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір