БАЛА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Жуырда КМҚК №17 балабақшасында Жетісу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаныс капитаны Еркебұлан Қасеновтің қатысуымен «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында кездесу өтті.
Шара барысында тәрбиеші Жадыра Тұрысбекова осы тақырыпта оқу-жаттығу әдістемесін көрсетті. Бүлдіршіндер сабаққа белсенді қатысуының арқасында судағы қауіпсіздік ережелері туралы білген-түйгендерін айтып берді. Капитан Е.Т.Қасенов мекеме қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде көптеген мағлұмат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл іс-шараға қатысқандардың бәрі ерекше әсерленіп, өзіне қажетті ақпар алды.