Тіл – ең асыл құндылық
30.09.2024
667
0

Тілдің қадір-қасиетін арттырып, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуді насихаттайтын атаулы мереке Алматы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №20 бөлімшесінде аталып өтілді. Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. ALT педагогикалық колледжінің І курс студенттерінің қатысуымен өткен іс-шара кітапхана қызметкерінің кіріспе сөзімен ашылды. Іс шарамызға қонақ ретінде Тарих ғылымдарының кандиданты Жомарт Жеңіс қатысты. Жомарт Жеңіс қатысушыларымызға тіл ұғымының маңызы жайлы қанаттандыратын сөздер, тілдің біз үшін, еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін айтып өтті, және де қатысушыларымыз өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Шара соңында Жомарт Жеңіс кітапханаға тарту ретінде кітап сыйлап, кітапхана меңгерушісі Лаура Мәулітшәріпқызы белсенді болған қатысушыларға кітап сыйлап, келген қатысушыларға алғысын білдірді.

Тарих ғылымдарының кандиданты Жомарт Жеңіс және №20 кітапхана меңгерушісі Лаура Мәулітшәріпқызы

Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. Әр адамның азаматтық қасиетті – салт-дәстүрін сақтаумен, өзінің туған жерін, атамекенін сүюмен, өзінің ана тілін білумен өлшенбек. Ендеше, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы үшін баршамыз тіл мерейінінің жоғарылуы үшін әрекет етуіміз қажет. Туған тіліміздің мерейі үстем болсын!

Медина ТҰРСЫН

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір