ЮНЕСКО төрінде ұлықталды
11.11.2024
55
0

Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы Париж қаласында, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде аталып өтті.
Мерейтойға арналған конференция­ны елші, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов жүргізді. Алқалы жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли қатысып, көпшілікке Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын жеткізді. Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын облыстық мәслихат хатшысы Қуат Байғоджаев оқып берді. Сондай-ақ отырысқа бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бұған қоса шара барысында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы орайда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, филология ғылымының докторы Кенжехан Матыжанов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан сөз алып, Б.Соқпақбаев шығармашылығының ерекшелігі, сондай-ақ Азия және Еуропа елдерінің әдеби байланысының маңызына тоқталды. Оған қоса, асылдың тұяғы Самал Соқпақбаева әкесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шара барысында Мәдениет жөніндегі ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын жоғары бағалап, өз ойын ортаға салды.
Сонымен қатар Қазақстанның  халық артисі, күйші-сазгер Секен Тұрысбек және «Үшқоңыр» фольклорлық ансамблі көпшілікке қазақ өнерін паш етті.

Аружан РЫМҚҰЛ,
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері
университетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір