Білім және мәдениетті насихаттаудағы Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының рөлі
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы (KazFUCA) – Қазақстанда мәдениет, білім беру, ғылым және коммуникация салаларында жұмыс істейтін ұйым. Федерацияның негізгі миссиясы – еліміздің жас ұрпағын ең алдымен адамгершілікке, мәдени және шығармашылық құндылықтарға баулуға , әлемдік қауымдастықтың маңызды мәселелерін шешуге белсенді араласуға ынталандыру болып табылады .
Бұл ұйымның өткен жолы мен көздегені:
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы(KazFUCA)
2009 жылы құрылған. Бүгінгі таңда ұйым 11 аймақтық өкілдікті және 199 клуб пен 17000-нан астам белсенді мүшелерді қамтиды. Бұл ұйым ЮНЕСКО-ның негізгі құндылықтарын Қазақстан жастарына таныстыру және осы бағытта тәрбиелік, ғылыми және мәдени жобаларды жүзеге асыруды басты мақсат етіп алды.Негізгі міндеттерінің бірі – жастар арасында әлемдік мәселелерге назар аудару және халықаралық ұйымдармен серіктестік орнату арқылы білімді және мәдени дамыған тұлғалар тәрбиелеу.
Ұйым, сонымен қатар, 2016-2023 жылдар аралығында Азия-Тынық мұхиты Федерациясын басқарған халықаралық қозғалыстың негізгі мүшелерінің бірі болып табылады. 2023 жылдың қазан айында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Президенті Болат Оралұлы Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО Клубтары мен ҚауымдастықтарыФедерациясының Президенті болып сайланды
Қызметтері:
Федерацияның қызметтері ЮНЕСКО ұйымының негізгі салаларына бағытталған, атап айтқанда:
1.Білім беру: Оқу бағдарламалары арқылы жасөспірімдер мен жастарға жаһандық мәдениет, тарих, және ғылым бойынша білім беру. Қазақстандағы оқу орындарында ЮНЕСКО клубтары ашылып, олардың жұмысын дамытуға ықпал етеді.
2.Мәдениет: Ұлттық және халықаралық деңгейдегі мәдени жобаларды жүзеге асыру, әсіресе Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу. Мысалы, ұлттық өнер фестивальдері, көркемөнер көрмелері және мәдениетаралық диалог алаңдарын ұйымдастыру.
3. Ғылым: Ғылыми жобаларды қолдау, экология және тұрақты даму мәселелеріне арналған іс-шараларды өткізу. Бұл жас ғалымдар мен зерттеушілерге халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
4.Коммуникация: Ақпараттық және медиа жобаларды дамыту арқылы, жастардың өз идеяларын еркін білдіруіне және жаһандық мәселелер туралы хабардар болуына жағдай жасау.
ЮНЕСКО Клубтарының Рөлі:
Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары білім беру мекемелерінде, мәдениет және өнер ұйымдарында құрылып, жастарды әлемдік мәдениет, бейбітшілік және тұрақты даму мәселелерімен таныстырады. ЮНЕСКО клубтарының жұмысы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға және олардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған. Әрбір клуб өзінің жеке жобалары мен бастамаларын жүзеге асыра отырып, ЮНЕСКО-ның жалпы миссиясына үлес қосады.
Жобалар және Серіктестік:
KazFUCA көптеген халықаралық және ұлттық жобаларды жүзеге асырады. Олардың қатарында экологиялық, мәдени және ғылыми бағыттағы жобалар бар. Федерация БҰҰ-мен, халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің ЮНЕСКО клубтарымен серіктестікте жұмыс жасайды.
Ұйым «TURAQTY JOL» Ұлттық Әлеуметтік эконауқаны, ЮНЕСКО аясындағы «THE PLANET OF ART»Халықаралық фестивалі, «MITSUBISHI ASIAN CHILDREN’S ENIKKI FESTA» Азия-Тынық мұхитыаймағына арналған байқауы, Халықаралық ЮНЕСКО МОДЕЛІ және т.б. сияқты көрнекті бастамаларды өткізуде өзін халықаралық, мемлекеттік және жеке құрылымдардың сенімді серіктесі ретінде танытты. Айта кету керек, жеке сектормен белсенді ынтымақтастықтың арқасында Федерация бастамашылық еткен барлық жобаларға тегін қатысумүмкіндігі бар.
Қорытынды:
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы – еліміздің болашағы үшін маңызды ұйым. Ол жас ұрпаққа жаһандық мәселелерді түсінуге және әлемдік мәдениетпен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде дәріптеуге септігін тигізіп, жастарды креативті және білімді азаматтар ретінде тәрбиелеуде зор рөл атқарады.
Ербол Сымбат, Т.Жүргенов атындағы
Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Медиажурналистика
мамандығының 1-курс студенті
ПІКІРЛЕР1