«ЕҢ ЖАҚСЫ ЕРКЕК» – ТАЛДЫҚОРҒАНДА
15.04.2016
1685
0

Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев  Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрымен ұзақ жылдардан бері  шығармашылық байланыс жасап келеді.

Осының нәтижесінде  театрда бұ­ған дейін қаламгердің «Қыз жиырмаға толғанда», «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр»  ат­ты пьесалары сахналанған еді. Ал жақында театрда  «Ең жақсы еркек» атты комедиясы  көрермен назарына ұсыныл­ды. Жаңа қойылымды сахнаға дайын­даған режиссер – Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Болат Ұза­қов, қою­шы суретші –  ҚР «Серпер» сый­лығы­ның лауреаты Қарлығаш Шала­баева.

Спектакльде басты рөлдерді Қа­зақс­танның халық артисі Алмахан Кен­жебекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлихан Ыдрышева, ҚР мәдениет қайраткерлері Ғалия Темірбаева мен Мәкен Нұрмұхаметова сын­ды сахна шеберлері орындайды.

Сондай-ақ,  қойылымда Т.Жүр­ге­нов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер ака­демиясын соңғы жылдары бітірген бір топ жас сахнагерлер де өз шебер­лік­терін жан-жақты көрсете білді.

Бүгінгі күнде отбасынан басталып, қоғамдық өмірімізге кең тарай бастаған кейбір келеңсіз жағдайларды тұспалды ой, астарлы әзілмен жеткізетін бұл спек­такльді көрермен қауым жылы қа­былдады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір