Театрлар жылдық маусымды қорытындылады
03.08.2024
24
0

Қазақстан театрлары кезекті жылды қорытындылап, маусымды аяқтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 90 жыл толған мерейтойлық маусымын Х.Левенсхольдтың «Сильфида» романтикалық балетінің жаңа қойылымымен аяқтаса, Құддыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры театрдың 90 жылдығына арналған мерейтойлық Гала-концертпен келесі маусымға дейін қош айтысты.
Ал Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 98-маусымын «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклімен тәмамдаса, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 48-маусымын Қ.Тілеуханның «Медаль» спектаклінің премьерасымен аяқтаған. Мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры 92-маусымын «Инь-янь» қойылымымен, Республикалық академиялық Неміс драма театры 44-мау­сымды «Человек подушка» спектаклімен, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 11-маусымды «Еркін мерген» операсының премьерасымен қорытындылады. Сондай-ақ Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры 33-маусымның пердесін «Қарагөз» спектаклінің премьерасымен, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 78-маусым пердесін «Ұлпан» спектаклінің премьерасымен жапты.
Театр ұжымдарына сәттілік, жаңа мау­сымға дейінгі тың шығармашылық серпіліс тілейміз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір