«КӨКТЕМ БҮРЛЕРІ»
Әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының және М.Сералин атындағы әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Көктем бүрлері» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды. Марапаттау шарасы 2016 жылы 19 сәуірде өтеді. Байқауға 29 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады.
Мақсаты мен міндеттері:
– Әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу.
– Шығармаларының танылып, оқырманға жетуіне қолдау көрсету.
– ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихын өлеңмен өрнектеу.
Жүлде қоры:
Бірінші орын – 150 000 теңге.
Екінші орын – 100 000 теңге.
Үшінші орын (үшеу) – 50 000 теңге.
Ынталандыру сыйлығы (бесеу) – 20 000 теңге.
Мүшәйраға қатысу шарттары:
Мүшәйраға әр автордан 4 өлең қабылданады:
– 1 өлең «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбындағы жыр;
– 2 өлең көктем, махаббат тақырыбындағы жырлар болуы тиіс;
– Келесі 1 өлең еркін тақырыптағы ақынның мүмкіндігін көрсететін туынды болуы шарт;
– Ұсынылатын шығармалардың жалпы көлемі 5 беттен аспауы керек;
Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:
– Шығармалар 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін тек электронды түрде ғана қабылданады;
– Шығарма мәтінінің электронды нұсқасы мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: jurkaznu.kz@mail.ru (Times New Roman, 14 pt.).
– Сайысқа қатысатын шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс; Қосымша талаптар:
– Қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды адресі, суреті, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат;
Жеңімпаз ақындардың жырлары факультеттің «Журналист» газетіне жарияланады.
(225 ауд). Е-майл: jurkaznu.kz@mail.ru Хабарласу үшін – 8 727 377-33-39, ішкі 13-51,
Ұялы телефон: 8 777 822 77 85.
Ұйымдастыру алқасы.