ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ Р.ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ТЕАТР  КӨКТЕМІ – 2016» ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
01.04.2016
1267
0

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқар­ма­сының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы аясында жазушы, драматург  Р.Отарбаевтың  шығармаларына  арналған «ТЕАТР  КӨКТЕМІ – 2016» облыстық театр фестивалі 2016 жылғы 7-9 сәуір күндері Шымкент қаласы Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында өткізі­леді.

  1. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жазушы, драматург Р.Отарбаевтың шығармала­рын және облыстағы кәсіби театрлардың өнерін насихаттау, олардың репертуарында Отанды сүюге тәрбиелей­тін, патриоттық рухты оятатын шығармалардың орын алуына, театрлардың бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу, мас­тер-класстар өткізу және тығыз қарым-қатынаста болуына ықпал ету.

  1. Фестивальдің талаптары мен шарттары:

— Фестивальге облыстағы 8 кәсіби театр қатысады. Әр театр бір спектакль ұсынады.

— Фестивальге жазушы, драматург Р.Отарбаевтың бұрын-соңды театр сахнасында қойылмаған, көркемдік деңгейі жоғары шығармаларын ұсына алады. Фестиваль көрермендердің қатысуымен өтеді.

— Ұсынылған спектакльдерді бағалау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі дауысқа салу арқылы қабылданады.

— Фестивальге қатысатын театрлар спектакльдің толық аты мен авторы (авторлары), жанры, әртістер саны, спектакльдің ұзақтығы туралы ұйымдастыру алқасына ұсыныс береді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 24 наурызына дейін жарнамалық өнімдер (афишалар, бағдарламалар, аннотациялар, театр туралы мәліметтер, фото-бейне материалдар және т.б) ұсынылуы қажет.

  1. Жеңімпаздарды марапаттау:

Фестивальге ұсынылған спектакльдерді бағалау төмендегі номинациялар бойынша анықталады.

Үздік номинациялар:

— Ең үздік қойылым.

— Жанр табиғатын көркемдікпен меңгергені үшін.

— «Актерлік ансамбльдік тұтастық».

— «Кейіпкерлер бейнесін шынайы кескіндегені үшін».

— «Көркемдік келбеті үшін».

— «Қойылым табиғатындағы шынайылық».

— «Тақырыпты кең қамтығаны үшін».

— «Ең үздік музыкамен көркемдегені үшін».

— «Ең үздік режиссер».

— «Ең үздік сценограф».

— «Ең үздік әйел рөлі».

— «Ең үздік ер адам рөлі».

— «Екінші пландағы үздік ер рөлі».

— «Екінші пландағы үздік әйел рөлі».

Сонымен қатар, ынталандыру сыйлықтары беріледі.

  1. Фестивальді ұйымдастырушы:
    1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқар­ма­сы;
    2. Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір