«АЛТЫН САҚА»
18.03.2016
1353
0

DSC_0027Ұлыстың ұлы күні мен Халықаралық театр күнінде Ғ.Мүсі­репов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалінің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтеді.

«Бала тәрбиесі – ата-аналардың ерекше азаматтық борышы», – деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бала тәрбиесі қашанда маңызды міндеттеріміздің бірі болып табылады. Ал ертегінің театр қойы­лымдары арқылы сахнада көрініс табуы – жас ұрпаққа рухани, патриоттық тәрбие беруде маңызы орасан. Ғ.Мүсірепов атын­дағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспі­рім­дер театрының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, алғаш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдерінің фестивалі ұйым­дастырылып отыр. Фестивальде Байділдә Қалтаев атын­дағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атын­дағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атын­дағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әмина Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бей­несі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл»,  «Эпизодтық рөлдегі актерлік шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өткізіледі. Жүлделерді  қазылар алқасы мүшелері мен арнайы шақыртылған қонақтар табыстайды. Баспасөз конференциясының негізгі бөлімінен кейін фестивальдің алғашқы спектаклі көрермен назарына ұсынылады.

Фестивальде Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік ака­демиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры – Әбдіқалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы; Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» ор­дені­нің иегері – Ахманов Мұрат Ноянбайұлы; Театрымыздың акт­рисасы, Қазақстанның халық артисі – Роза Әшірбекова; Театр­дың әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының иегері – Бақыт Беделхан баяндама жасайды.

Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абылай хан көшесі, 38.
Өтетін уақыты: 24.03.2016 жыл, сағат 10:00.
Байланыс телефондары:  2732248.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір